Ақылбек Шаяхметтің 70 жылдық мерейтойы Қостанай қаласында өтіп жатыр

11
Фото: "Дәстүр". Ақылбек Шаяхметтің "Завещание Ибрая" атты пьесасынан көрініс.
Қазақтың көрнекті ақыны Ақылбек Шаяхметтің 70 жылдық мерейтойы  Қостанай қаласында өтіп жатыр. Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма Төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет бастаған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов,  Алматы облысы әкімінің Ішкі саясат басқармасының бастығы Рахмет Есдәулет, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Серік Мұқанов, жетісулық әнші қыздар мерейтойдың құрметті қонақтары болды, деп хабарлайды «Дәстүр».

Мерейтой Ілияс Омаров атындағы  облыстық қазақ драма театрында ақын Ақылбек Шаяхметовтың шығармасы бойынша қойылған «Өкініш» спектаклінің премьерасының көрсетілімімен ашылды. Спектакль қарттар үйі, тастанды қариялар, ұрпақ тәрбиесі туралы ой қозғайды.
Бұл спектакльде біздің бүгінгі қоғамдағы қатігездік, қарттар үйіндегі трагедия иланымды көрсетілді. Ержан Қаулановтың режиссерлік шешімдері қарапайым болғанымен де, шынайы өмірді қалтқысыз бейнелеуімен көрерменді тәнті етті.   Қойылымда  перзенттерінің мейрімсіздігіне налыған қарттардың жандүниесіндегі  арпалыстар актерлердің ойынында нақты бедерленді.

Ал Қостанай Орыс драма театры қойған Ақылбек Шаяхметтің «Завещание Ибрая» атты пьесасы тұңғыш ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өміріне арналыпты.  Бұл театрдың актерлері де өз рольдерін сәтті орындап шықты.

Бөлісу: