Вакцина салдыр да, түсіңде көрмеген жеңілдік ал!

1
Фото ашық дереккөздерден алынды.

Вакцина салдыр да, түсіңде көрмеген жеңілдікке ие бол! Коронавирусқа қарсы вакцина алған университеттердің студенттеріне оқу ақысын төлеуге және жатақханада тұруға жеңілдік жасалады. Сондай-ақ, сауықтыру шипажайларына жолдамалар, тегін тамақтануға және қоғамдық көлікпен жүруге талондары беріледі.

Бұл жөнінде Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Ведомствоның дерегінше, студенттерге жасалған сыйлық мұнымен бітпейді. Вакцинан алған жастар фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін бара алады. Ал, кейбір жоғары оқу орындары вакциналанған студенттер үшін шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастырады. вакциналау шараларын қолдауға арналған акцияларды бастап кетті. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

БАНУ НАРБЕКОВА, ҚР БҒМ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Сондай-ақ, қазір жер-жерде вакцина салдырған азаматтар арасында сыйлық ойнату үрдіске айналып бара жатыр. Мәселен, бүгін ғана Елорда әкімдігі екпе салдырған жандарға тегін 20 ұялы телефон тарататын хабарлады. Бұған дейін де бас қалада автокөлік пен 2 бөлмелі пәтердің ұтысқа қойылғаны хабарланған еді. Мұндай ынталандыру еліміздің басқа да өңірлерінде де қолға алынған».
Бөлісу: