Балалар
кітапханасының жұмыс жүргізудің ең басты мақсаты ата- аналармен, мектеппен бірігіп,
балаларды жан-жақты дамыған
жеке тұлғаны қалыптастырып, Қазақстан
елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеу.
Осы бағытта кітапханада, мектептерде әр-түрлі шаралар
өткізіліп, кітап арқылы рухани- адамгершілік құндылықтарға назар
аударып, кітап оқуға
тартамыз. Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтқан: «…Ұлттық салт- дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыралымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз
бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, жамбылдың жырлары
мен Құрманғазының күйлері,
ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар
үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана…».
Ал, 2018 жылдың маусым айында Президент Н. Ә. Назарбаевтің жарлығымен шілде айының жексенбінің бірінші күні Ұлттық домбыра күні деп жарияланған болатын. Осыған орай қалалық кітапхана жүйесіне қарасты А. С. Пушкин атындағы орталық балалар кітапхана филиалы №37 ЖОББМ жанындағы «Айгөлек» жазғы демалыс лагерь балаларымен және №6 кітапхана- филиалымен бірігіп «Атамекен» жазғы демалыс лагерінде «Домбыра-алтын қазына» атты слайд-әнгіме мен ойын- викторинасының өткізді.
Даубаева С. А., А. С. Пушкин атындағы ОБН-ніңмеңгерушісі