«Ұлы Дала Елі» орталығы көптеген тақырыпта іс шаралар мен көрмелер ұйымдастырып, халықтың алғысына ие болып жүрген мәдениет мекемесі, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды насихаттайтын музей. Бүгінде осы мәдениет мекенінде ерекше 1 ақпан Халықаралық орамал күніне орай «Бас киімдер әлемі» көрмесі ашылды. Көрме тұжырымдамасының өзі де еркше. Бала кезімізден барлығымызға таныс «Алиса в стране чудес» (Alice in Wonderland) – ағылшын математигі, ақыны және прозашысы Чарльз Лутвидж Доджсон – Льюис Кэрролл деген лақап атпен жазған және 1865 жылы жарық көрген ертегінің желісі негізге алынған. Көрменің барысында көрермендер сиқырлы айналар әлеміне тап болып, бас киімдер еліне ене бастайды. Көрмені тамашалай келе, қонақтар әр елдің ұлттық бас киімдерімен таныса отырып, өздері де бас киім жасау үдерісіне қатыса алады. Көрменің негізгі мақсаты бас киім, орамал қай жерде, қай елде, қандай түрі болсын, оның қасиетті және құрметке лайық екенін көрсету. Ежелгі дәуірде бас киім биліктің нышаны болған, тек ақсүйек, бай-бағлан адамдар ғана сәнді қалпақтар, қалпақшалр кие алатын. Қалпақ неғұрлым үлкен, биік болса, оның иесінің дәрежесі соғұрлым жоғары болды. Қазіргі уақытта бас киімдер белгілі бір ұлттармен байланысты түрленеді. Сәлде, тақия, афганка, айшок, кокошник, бандана, башлык және т.б. Қалпақтың көптеген түрлері қазірдің өзінде ескірген және күнделікті өмірде қолданылмайды, бірақ көптеген мұсылмандар осы күнге дейін орамал тағуды жөн көреді.
Үнді халқының түсінігі бойынша, әйел адамның басында Сахасрара деп аталатын ең басты чакра болады. Ол әйелдің ғарышпен байланысын қамтамасыз етеді. Ал осы байланысты сыртқы келеңсіз күштерден сақтау, жабу және Сахасрара каналының қорын ғарышпен қамтамасыз ету үшін біздің қуатымызды басқалардан қорғайтын тек орамал. Қазақ халқы ежелден орамал әйел рухы сұлулығының белгілі бір нышаны деп санаған. Орамал жабылған бас – қарапайымдылықты, кішіпейілділікті білдіреді, орамалды салу рухты нығайтуға көмектеседі. Сахасрараның басты идеясы да осы болып саналады.
Халықаралық орамал күні жыл сайын 1 ақпанда атап өтілетін жылдық шара. Бұл күн бүкіл әлемдегі әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердегі орамалдың маңыздылығын атап өтуге арналған. Бұл мақалада біз орамалдың тарихын, оның нышандық мағынасын және қолданудың әр түрлілігін, сондай-ақ орамалдың қазіргі қоғамдағы рөлін қарастырамыз. Орамалдың ұзақ тарихы бар және ол көптеген мәдениеттерде кең таралған. Олар киімнің элементтері, асай-мүсейлер, сондай-ақ белгілі бір қоғамдық және дін өкілдерінің рәміздері ретінде пайдаланылды. Орамал көптеген дәстүрлер мен тәжірибелердің ажырамас бөлігі болды және әлі де болып табылады. Оның ең танымал қолданылуының бірі – оны діни рәсімдерде қолдану. Мысалы, исламда мұсылмандар, әдетте, бастары мен беттерін орамалмен жабады, бұл қарапайымдылық пен тақуалықтың нышаны. Христиан шіркеуінде орамал ғибадат ету және діни шерулер кезінде жиі қолданылады. Орамал көбінесе белгілі бір мәдениеттерге немесе аймақтарға сәйкес келетін өрнектермен және белгілермен кестеленеді немесе безендіріледі. Әр түрлі мәдени тәжірибелер орамал дәстүрдің, сәннің және мәдениеттің әмбебап нышаны екенін көрсетеді. Оны өзін-өзі көрсету, діни және мәдени нанымдарды білдіру және белгілі бір адамдар тобының жеке басын қолдау және тану үшін пайдалануға болады. Халықаралық орамал күні ормалға қатысты мәдениеттер мен дәстүрлердің әр түрлілігін түсіну мен құрметтеуді қолдау және насихаттау үшін құрылған. Бұл күні бүкіл әлемдегі әйелдер орамал тағып немесе сол күні ұйымдастырылған арнайы іс-шараларға қолдау көрсетіп, қатыса алады. Бұл оқиға сонымен қатар, орамалға қатысты әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлер туралы білім мен ақпарат алмасуға ықпал етеді. Қазіргі әлемде орамал әйелдердің құқығы үшін күресте және сөз бостандығын көрсетуде де маңызды рөл атқарады. Көптеген қоғамдарда әйелдер ормалды шектеулер мен жаттандылыққа қарсы азаматтық пен қарсылықтың нышаны ретінде пайдаланады. Халықаралық орамал күні әр түрлі елдер мен халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріндегі орамалдың маңыздылығын еске салады. Ол басқа мәдениеттерді құрметтеудің, төзімділіктің және түсінудің маңыздылығын атап көрсетеді және орамалға қатысты әр түрлі сенімдері, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері болуы мүмкін адамдарды жақсырақ түсінуге және олармен байланысуға мүмкіндік береді.
2011 жылдың 1 ақпан күнін Бангладеш халқының тумасы Америка тұрғыны Назма Кхан орамал күні деп жариялау бастамасын көтерген. Ол 11 жасында ата-анасымен Бангладештен Америкаға көшіп келген. Орамалға байланысты мектепте де, университетте де талай құдалауды көрген қыз өзі секілді әпке-сіңлілеріне рухани көмек көрсету мақсатында әлеуметтік желілер арқылы барша әлем қыз-келіншектеріне бір күн орамалмен жүру туралы үндеу тастады. Қызығы сол, алғашқы жылы-ақ Назманың бастамасын 67 елдің нәзік жандылары қолдай кетті. Ал 2015 жылы әлемнің 116 елінен 10 миллионға жуық әйел осы шараға қолдау білдірді. Назманың бастамасымен 2011 жылғы 1 ақпан – Халықаралық орамал күні болып бекітілді. Бұл күні барша әлемнің қыз-келіншектері қыздарға қолдау ретінде бір күн бастарына орамал тағып шығады. Осылайша, түрлі дінді ұстанатын әлем әйелдері орамал адамның ажырамас құқығы ретінде сыйлауды талап етіп, исламофобия мен кемсітушілікке қарсы наразылықтарын білдіреді. Халықаралық орамал күні Малайзия, Нигерия және Батыс Балканда да тойланды.
Орамал – ана екеніңді, біреудің Құдай қосқан жары екеніңді, ақ адал ниетпен аттаған шаңырағың бар екенін білдіретін белгі. Оның басты қасиеті де осында жатса керек.
Ертеде жайлауда отырған бір елдің азаматтары жаңа қонысқа мал айдап кетеді. Бас көтерер азаматтары жоқ ауылға тұтқиылдан жау шапқанда, сол ауылдың бәйбішесі басындағы ақ орамалды шешіп, сойылға байлап, жауға қарсы шығып, оларды тоқтатады. Сөйтіп, ауылды аман алып қалады. Сол күннен жауды тоқтатқан ақ орамал «жаулық» аталып кеткен.
Ел билеген əмірші де, ақ орамалдан аттамаған. Мұндай үрдіс Кавказ халықтарында да бар. Қандай бір қан төгіс болып жатқанда әйел басындағы орамалды шешіп жерге тастаса, жанжал тоқтайды.
Орамал қай заманда да, қай уақытта да, қай елде де өте үлкен құрмет пен қасиетке ие болған. Және ол кез келген қыз-келіншектің көрігіне көрік, әдемілігіне сән қосатын ерекше әшекей. Біз әдетте адамгершілік пен ұяттан асқан әдемілік жоқ деп жатамыз. Ал, әйел заты үшін ең әдемі әшекей ұятын жабатын – орамал. Салмағы бар болғаны құстың қауырсынындай ғана, бірақ барлық аруды қорғап жүруге күші жететiн үлкен қасиетке ие. Кейбір ер азаматтар қорғай алмай жүрген әйел затын жамандықтан қорғайтын мықты қорғаушы! Орамалды құрметтегендер оны мойнына салады, қадіріне жеткендер – басына таңады.
Дилорам Тауасарова, «Ұлы Дала Елі» орталығы маманы
Фото интернеттен алынды.