Елорда жолдары сапасыз салынып жатыр ма?

Елорда жолдары сапасыз салынып жатыр ма?

22.05.2020 0 By admin

Нұр-Сұлтан қаласында биыл 108,6 шақырым жол салу жоспарланып отыр. 21 шақырым жол жөндеуден өтеді. Алайда оның сапасы қандай болмақ?-деген сұрақ туындайды.

Себебі “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 2019-20 жылдар аралығында 165 рет тексеруге шыққан. Жол құрылысына пайдаланылатын материалдардан 336 сынама үлгісі алынып, 64 данасы талапқа сай болмай шықты. Яғни асфальт салатындар сіз бен біз жүретін жолға сапасыз материал пайдаланған.

Сапа орталығы мердігер компанияларға 66 рет ескерту жасаған. Ескертуді елемей, қателіктерін түзеуге асықпайтын жауапсыз компаниялар да жоқ емес. Осы күнге дейін 26 ескерту еленбей қалды.

Бөлісу: