Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ішкі нарықтағы пияз қоры жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды dasturkb.kz. Бұл туралы ведомство басшысы Үкімет отырысында айтты.
«Пиязға қатысты жағдай тұрақты, республика бойынша пияз қоры 70 мың тоннаға жуық, оның 30 мыңнан сәл астамы Жамбыл облысында. Көтерме баға Жамбыл облысында 200 теңге, Астанада 260-300 теңге. Дүкендерде – 300- 360 теңге. Пияз қандай, баға да сондай. Баға тұрақты, қазір пияз экспорттауға тыйым салынды, біз жағдайды бақылауда ұстаймыз. Биыл пияз жеткілікті мөлшерде егіледі, пиязсыз қалмаймыз», — деді министр үкімет отырысында.