Коронавирустың үшінші науқанына дайынбыз ба?

14
Medicine doctor hand working with modern computer interface as medical concept

Елордада коронавирус қайта өрши бастады. Соңғы аптада инфекцияны жұқтыру фактісі 7 пайызға артқан. Сондай-ақ, ел ішінде вирусқа қарсы екпе алу көрсеткіші төмен аймақтар әлі де жеткілікті. Жаһанды шарпыған індет мәселесі Үкімет отырысында сөз болды. Онда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «КОВИД-19» көршілес жатқан мемлекеттерде өткен жылға қарағанда аса қатты белең алуда, деді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

НҰРЖАН СӘДІРБАЙ: «Өткен тәулікте тағы 750-ден астам қазақстандықтан коронавирус анықталды. Жұқтырғандардың дені Нұр-Сұлтан мен Қарағынды тұрғындары. Ресми ақпаратқа сүенсек, 15-ші маусымға дейін елімізде «КОВИД» пен оның пневмония түріне 458 мың отандасымыз шалдыққан. Пациенттердің 94 пайызы емделіп шықса, 637 адамның халі әлі ауыр. Өкінішке қарай, соңғы аптада елордада вирус қайта өрши бастаған».
АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «6 маусымнан бері Қазақстан Республикасы жасыл аймақта тұр. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр. Бұған қоса, өткен аптамен салыстырғанда науқастану өсімі 7 пайызға артып, 1 365-тен 1461 жағдайға дейін жетті. Ал қалған өңірлер «жасыл» және «сары» аймақта».
Елордада жағдай әлі де алаңдатарлық болғанымен, соңғы уақытта ел ішінде вирус жұқтырғандар 16 пайызға азайыпты. Сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелеріндегі төсек орындарда жүктеме де төмендеген. Дегенмен, бұл арқаны кеңге салып, босаңсуға болады деген сөз емес. Алексей Цой ТМД-да індетке қатысты жағдай біраз қиын болып жатқанын айтты.
АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Соңғы аптада коронавирусты жұқтырғандар ТМД елдерінде көбейді. Әсіресе, Ресейде. Онда инфекция адамға жабысу көрсеткіші 1,5 есеге артқан . Әлемнің кейбір мемлекеттерінде бұқаралық жиындарды өткізуге шектеу қойылды. Сондықтан бетперде тағу, арақашықты сақтау сынды мәселеде аса босаңсымау керек».

Үкіметте вакцинация жайы да сөз болды. Бүгінде 2,5 миллион қазақстандық екпенің бірінші компонентін алса, екіншісін 1,4 миллион отандасымыз салдырған. Бірақ, кейбір өңірлер әлі де бұған немқұрайлы қарап отырған көрінеді. Әсіресе, Маңғыстау мен Қостанай облыстарының жұрты екпе алуда белсенді емес. Демек, әкімдіктері тым сылбыр жұмыс істейде дегенге келтірді, деді жауапты министр. Мұны естіген Асқар Мамин қатулы қабағымен аймақ басшыларына қайырылды.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауы қажет. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі санитариялық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуы мен вакцинацияға ерекше назар аударсын. Бетперде режимі сақталсын, әсіресе, ғимараттардың ішінде. Мониторингтік топтар жұмысын жандандырсын».
НҰРЖАН СӘДІРБАЙ: «Шенділердің бұлай қобалжуына себеп бар. Өйткені, өткен тәулікте коронавирус пен оның пневмония түрінен 12 адам көз жұмған. Жалпы індет тарғалы Қазақстанда 4 мың жан вирустың құрбаны болған».
Бөлісу: