Күш атасы – Қажымұқан!

11

Мен қызмет ететін мектеп негізінен ұлттық бағытта жұмыс жасайды. Қазақ күресімен шұғылданған мен үшін бұл үлкен мүмкіндік болды.

Халқымыздың қазынасына айналған қазақ күресінің кілемі мектеп төрінде жайылды. Балуандық өнердің көрнекті тұлғасы – Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған кіші жасөспірімдер арасында қалалық турнир өткіздік.

Қала аумағындағы қазақ күресімен айналысатын 130-ға жуық бала балуандар 11 команда бойынша бақ сынасты. Өткен жылы еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып Нұр-Сұлтан қаласының 21 мектебіне қазақ күресін енгізу шаралары басталған болатын. Осы бастаманың жалғасы болған турнирде жүлделі І орынды 57 мектеп – гимназиясы, ІІ орынды «Арқа-Алан» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығы, ІІІ орынды «Батыр боламын» спорт клубы иеленді.

Ұлттық күресті ұлттық бағыттағы мектеп қана емес, баршамыз насихаттасақ әлем биігін бағындырарымыз анық! Балаларды біліммен қатар балуандық өнерге баулудағы бір шара осылай мәресіне жетті!

 

Нұрсұлтан Бауыржанұлы, № 90 гимназиясы, Спорт: Қазақ күресінің жаттықтырушысы.

Нұрсұлтан қаласы.

 

Бөлісу: