Кәсіпкер Алматы облысындағы жағдайы төмен отбасыларға 10 үй салып берді

3

Атымтай жомарт атанған жетісулық кәсіпкер Темірлан Шәйнүсіпов ауылдастарына тағы да 10 баспана сыйға тартты, деп хабарлайды Дәстүр тілшісі.

Алматы облысы, Жамбыл ауданының Ақтерек ауылында бүгінге дейін баспанаға мұқтаж 130 отбасын қуантқан кәсіпкер осы жолы тағы 10 үй сыйлады. «Ақтерек» шаруа қожалығының директоры Темірлан Шәйнүсіпов есімді алтын жүректі азамат құрылысы аяқталып қалған үйлердің үшеуінің кілтін өзі арнайы табыс етті.
Жаңа үйді кәсіпкер жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға арнап салған. Қоныс тойын тойлап отырған Молдашевтар отбасының айтуынша, үй заман талабына сай бой көтерген. Мұнда барлығы бар.

«Бес бөлмелі үй заман талабына сай, ыстық су, суық су кіргізілген. Әжетханасы да үйдің ішінде. Екі баламмен тар үйде әке-шешеммен тұрып жүр едік. Жас отбасы деп жаңа баспана сыйлап отырған қайырымды жанға алғысымыз шексіз», – дейді Асхат Молдашев.

Қысқаша айта кетер болсақ, он жылдан аса уақыт өз ауылдастарына үй салып, туған жерінің көркеюіне үлесін қосып жүрген ол биыл қосымша 50 орынды «Дария» балабақшасын салып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.

Алтынбек Бекнұр

Бөлісу: