Музыкада адам тағдыры бар! Әрине ноталарда адам аттары жоқ, бірақ әр нота автордың не ол туындысына арқау еткен тұлғаның сезімі, толғанысы, арманы һәм өкініші жатады. Музыка өзгереді, жаңа жанры пайда болады! Заманына қарай адам десек, музыка да сол адамның өмір сүру образымен ұштасады. Алысқа бармай-ақ қойяын. Өзім куә 30 жылындың ішінде бізде музыканың талай эксперименті мен триумфі болды. Ритм деген тек музыкалық ырзақ емес, қоғамның өмір сүру образының қозғалысы іспеттес екен. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Музыка саласы қоғам дамыған сайын қатарласа қадам басып дамитыны белігілі. Отандық музыка саласының дамуын екі ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін болмаса да, егемендігімізді жариялаған жылдан бастап музыка саласындағы ең елеулі белестерге тоқтмақпыз

1991-1995
1990 жылы бастау алған Азия даусы Халықаралық байқауы Қыдырәлі Болманов, Медеу Арынбаев, Парвиз Назаров, Сейфуллин Жолбарыс секілді әншілерді көпшілікке танытты.
1995-2000
90 жылдардың екінші жартысы алғашқы топтардың пайда болуымен есте қалды. 1996 жылы АБК триосы құрылса, А-стдуио тобы жаңа құраммен қайта танымалдылыққа ие болды. Сондай-ақ ұйғыр, орыс тілдерінде ән шырқайтын «Дервиши» тобы пайда болды. Жеке орындаушылардың арасында ерекше ықыласқа бөленгендері Мұрат Насыров, Рахат Тұрлыхановтар еді.
2000-2005
Музыка саласындағы нағыз жаңашылдық 2000 жылдары басталды. Себебі осы жылдары хип-хоп, r’n’b жанрында ән салатын Ghetto Dogs, Metis’s, 101 топтары құрылды. Аталған топтар r’n’b жанрында орыс тілінде әндетсе, 2001 «Бауыржан шоудан» танылған «Орда» тобы осы жанрда қазақша ән салды. Олардың ерекшелігі сол бұл топ сахнада брейк данс стилінде билеген алғашқы топ болды.

Халықты қазақы әндерімен сүйсінткен ең танымал Музарт тобы 2001 жылы құрылды. Бұл топтың әрбір шыққан әні бір-ақ күнде хитке айналып, тыңдарманның көңілінен орындалды. Аталған трионы іле-шала 2003 жылы «Жігіттер» квартеті пайда болды.

2000 жылдардың басында отандық эстрадада рок бағытында дамыған ұжымдар пайда болды. Солардың ішіндегі ең танымалы әрине, Ұлытау тобы. Ұжым рок бағытына ұлттық муызканы бейімдеп, этно-рок стилінде әлемге танылды, ал олардың жазған күй композициялары әлі күнге дейін қолданыстан түспей келеді.

2005-2010

Отандық эстраданың ең бір өнімді, толымды кезеңі 2000 жылдарың ортасында басталды деп айтуға болатын шығар. Осы жылдары шетелдік форматтағы гезл-бенд яғни қыздар топтары пайда бола бастады. Олардың қатарында «Рахат-Лукум», «Дауыс International», «FM» топтары сәтті өнер көрсетті. Ал «Ринго» тобы отандық эстрадада алғаш болып ағылшын тілінде ән шырқады. Ал осы жылдары Евразия Бірінші арнасынан көрерменге жол тартқан SuperStar kz телебайқауы Алмас Кішкенбаев, Қайрат Түнтеков, Мақпал Исабекова, Айқын Төлепберген, Алишер Каримов секілді жастардың бағын ашты.

2000 жылдардың ортасында өңірлерден де көптеген өнерпаздың аты шыға бастады. Солардың арасынан бүкіл елге танылғаны Қайрат Нұртас.
2000 жылдардың ортасынан тойға арналған әндердің дәуірі басталғанын айта кету керек. Бұл әндер сахналық және мерекелік, ойын-сайықтық форматта орындауға жеңіл, ойнақы, көңілді келетін. Эстрадамызда жүрген көп әншілердің репертуарында мұндай әндер жетерлік.

2010-2015
Отандық музыканы жаңа белесі 2010-2015 жылдармен байланысты. Мәселен, 2013 жылы синти-поп жанрында ән жазып оны өзі орындаған Ғалымжан Молданазар қазақ эстрадасы үшін жаңа жанрымен танымал болды. Ал 2015 жылғы Ninety one тобы соңғы жылдардың жаңалығы. Ешкімге ұқсамайтын, әрі дәстүрлі ән формасынан ерекшеленетін Q-pop жанрындағы туындыларды ешкімді бей-жай қалдырмады. Анығында олар эстрадада жаңа бағыт бастап, жаңа сүрлеу ашты. Бүгінде Зируза секілді жеке әншілер мен көптеген топтар Ninety one бастаған Q-pop жанрда еңбектеніп келеді.

 

Тағы да оқыңыздар: Қалам ұшын малын ащы сияға…

Бөлісу: