«Отбасы – бақыт отаны»

29

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында отбасына күніне орай Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актерлері, үлгілі отбасы Нұрсұлтан мен Сабина Айтқалиевтертермен «Отбасы – бақыт отаны» атты кездесу кешін өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Жанұялық құндылықтарды нығайту. Үлгілі, жас отбасымен кездесу.  Жанұяның береке-бірлігі – әр баланың болашақ қадамы.     

Ел Президентi мемлекет – отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды.

Шара барысында Нұрсұлтан Айтқалиев отбасының негізі, тірегі ата-аналарға  арнап керемет ән мен сұхбатты бастады. Сондай-ақ отбасы құндылықтары, ұлттық дәстүрлер туралы сөз қозғалды.

Айтқалиевтер отбасы шығармашылық, өнер адамдары болғандықтан көрермендерден түрлі сұрақтар жолданып отырды. «Есігімді қаққан кім?» атты спектакльден алған әсері туралы, көрерменнің ыстық ықыласы туралы естеліктер айтылып, «Бір түп алма ағашы» фильміндегі Мақсат рөлінен үзінді көрсетті. Қызықты ситуациялық сұрақтар мен ойындар ойнатылды. Ойын барысында Нұрсұлтанның жолдасы Сабина Айтқалиеваға телефон шалынып, берген жауаптарының дұрыстығын тексердік. Домбырамен ән де айтылды, тақырыпқа сай көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туатыны белгілі. Ғ.Мұстафиннің «Ата-ананың міндеті – тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр.  Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.

ЛАУРА ЕРІКҚЫЗЫ

Ақтөбе қаласы.

Бөлісу: