Оңай олжаға құныққан әнші, блогер, вайнерлер жарнама үшін жазаланады

1

Оңай олжаның соңынан қуғандарға енді тықыр таянуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары қаржы пирамидаларын жарнамалайтын жұлдыздарды жауапқа тартуды ұсынып отыр. Депутат Юрий Лидің мәліметінше, былтыр елімізде 300-ге жуық алаяқтық дерек тіркелген. Бұл бюджетке азды-көпті 8,5 млрд теңге шығын келтіріпті. Халық қалаулысы елді заңсыз бизнеске инвестиция салуға итермелегендердің арасында танымал тұлғалардың көптеп кездесетінін де атап өтті. Қазір бұл заңбұзушылық бойынша айыппұл түрінде белгіленген әкімшілік жауапкершіліктен бөлек, жарнаманы таратқан тұлғаның қызметін 3 айға дейін тоқтату жазасы қарастырылған. Алайда мәжілісмендер зардап шеккендердің нақты саны мен келтірілген шығын көлемін ескере отырып, жауапкершілікті де соған қарай қатаңдатуымыз керек дейді. Бұл туралы «Дәстүр» сайты «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ЮРИЙ ЛИ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ : «Жарнамаға вайнерлер, блогерлер және басқа да танымал адамдар белсенді көптеп қатысады. Аттарын атамай-ақ қояйын, себебі тергеу жүріп жатыр. Біздің білуімізше, қазір сол атақты адамдар өздері де инвестиция салғанын және алаяқтық әрекеттен зардап шеккенін, қаржылық пирамидаларды ұйымдастырушылардың құрбаны болғанын айтады, бірақ факт сақталады – сіз кадрларды жарнамадан кесіп тастай алмайсыз».
Бөлісу: