Бұл туралы Риддер қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады dasturkb.kz.
2023 жылғы 24 сәуірден бастап қала әкімінің орынбасары Қосантаев Дархан Дәуренбекұлы Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Қосантаев Дархан Дәуренбекұлы 1991 жылы 4 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Шемонаиха ауданының Рулиха жалпы білім беретін орта мектебіне оқуға түсті. 2009-2013 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Экономика және менеджмент факультетінде оқып, қаржы бакалавры біліктілігін алған. 2015-2017 жылы Семей қаласында КАЗГЮУ-да оқыды.
11.2013 — 01.2014 жылы «Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты»ММ бас маманы міндетін атқарушы.
01.2014 — 02.2014 жылы «Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты»ММ бас маманы.
03.2014 — 04.2015 «Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ бас маманы.
04.2015 — 08.2015 жылдары «Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ бас маманы.
08.2015 — 05.2017 «Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты»ММ кенттік инфрақұрылым бөлімінің басшысы.
05.2017 — 02.2020 «Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі»ММ коммуналдық меншікті бухгалтерлік есеп және есептілік, басқару және мониторинг секторының меңгерушісі.
02.2020 — 12.2020 «Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі»ММ басшысы.
12.2020 — 05.2021 «Риддер қаласы әкімінің аппараты»ММ персоналды басқару бөлімінің басшысы.
05.2021 — 13.04.2022 Риддер қаласы әкімінің аппарат басшысы
14.04.2022 — қазіргі уақытта Риддер қаласы әкімінің орынбасары