Сөз иесі 80-де!

Сөз иесі 80-де!

03.02.2020 0 By Aigul

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламгер Мұхтар Мағауинді 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы жазушының әдебиет пен ғылымдағы еңбегін ерекше атап: «Сіз көрнекті жазушы әрі зерделі зерттеуші ретінде төл әдебиетіміздің дамуына зор үлес қостыңыз. Қаламыңыздан туған әр шығармаңыздан ұлттық рух пен елдік мүдде айқын көрініс тапты. Хандық дәуірдегі ақын-жырауларымыздың мол мұрасын жаңғыртқан «Қобыз сарыны» атты ғылыми еңбегіңіз сөз өнерінің тұғырын одан әрі биіктете түсті. Әйгілі «Аласапыран» романы бүгінде әдебиетіміз бен тарихымыздың қымбат қазынасына айналды. Тартымды туындыларыңыз арқылы қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келесіз», – деп бағалады.
«Ұлтты ұйыстыру және тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы еселі еңбегіңіз – өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Әрдайым мерейіңіз үстем болсын! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін» делінген жеделхатта.

Бөлісу: