ТАЛДЫҚОРҒАНДА 41 ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

31.07.2019 0 By admin

Талдықорғандағы        Тіл        сарайында «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы    аясында «100 томдық Жетісу кітапханасы» жобасымен жарық көрген 41 жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевтің қатысуымен өткен игі шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасы  ұйымдастырды.

Оған  аймақтағы  еліміздің  әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар басқа да танымал адамдар қатысты. Жиналған қалам иелері алдында сөз алған Ақан Жылқышыбайұлы: «Бүгінгі оқырманға жол тартып отырған жаңа басылымдардың барлығы облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жарық көрді. Соның тең жарымы ертеңінен үлкен үміт күттіріп отырған жастардікі. Олардың арасында аймағымыздың мақтанышына айналған өткір ой, шұрайлы тілімен бүкіл елімізге танымал бола бастаған небір үздіктер бар. Сондықтан жалпы қаламгерлердің қаламына  қарым,  өздеріне  ерекше  дарын тілейміз» – деді.

Осыдан соң Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан жалпы кітап авторларын көңіл қуанышымен құттықтап, ұлтымыздың әдебиетімен мәдениетінің өркендеуіне үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан өңір басшысына айрықша алғысын жеткізді.

ӨзкезегіндеҚазақстанЖазушыларОдағы Алматы облыстық филиалының басшысы Ерлан Жүніс: – «Жыл сайын Алматы облысы әкімінің қолдауымен аймағымыздағы ақын- жазушылардың көптеген кітаптары жарық көреді. Мәселен, өткен жылы 37 кітап жарық көрсе, биылғы жылдың алғашқы жартысында мінекей 41 кітап баспадан шықты. Бұл кітаптардың 20-сы биылғы «Жастар жылы» аясында, жас қаламгерлерді қолдау негізінде арнайы басылып шыққан олардың алғашқы кітаптары. Осы кітаптар жастардың алғашқы шығармашылық өміріндегі алтын қазығы, тіпті, Жетісудың, қазақ әдебиетінің өміріндегі үлкен бір тарихи сәттердің бірі болды деп санаймын»- деді

Айдын КӘЛІМХАН

Бөлісу: