Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің эпицентрі – Кахраманмараш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырым жерде 4,8 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Дәстүр РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, 62 914 адам жарақат алды. Халықты уақытша орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.
Қазақстан құтқарушыларының екінші тобы кеше Газиантеп қаласына жетті.