Түркияда қайталанған жер сілкінісінен 300-ге жуық адам жарақат алды (видео)

40

Түркияның Хатай провинциясында кеше болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты, деп хабарлайды dasturkb.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Бұл жайында елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлім етті.

Бүгін кешке Хатайда болған екі жер сілкінісінен 294 адам жарақат алды. Өкінішке қарай, оның ішінде 18 науқастың жағдайы ауыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар Адана және Дертиол қалаларына жеткізілді. Біздің барлық далалық ауруханалар пациенттерімізге тиісті қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр, – деп жазды министр Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, Хатай университетінің медицина факультетінде және Искендерун мен Рейханлы мемлекеттік ауруханаларында жатқан жалпы саны 95 пациент екі жаңа жер сілкінісінен кейін сақтық шарасы ретінде Адана мен Дертиол ауруханаларына ауыстырылған.

Біздің далалық ауруханалар Хатайда кезекшілік етеді, – дейді ол.

Осыған дейін Хатай қаласына қарасты Дефне ауданында дүйсенбі күні 6,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелген еді. Кешірек қуаты 5,8 магнитудаға жететін тағы бір жер сілкінісі болды.

Жалпы, осы ақпанда Түркияның 10 өңірінде болған жер сілкінісінен 41 мыңнан аса адам көз жұмды.

@altynbekkr

❗️Түркия мен Сирияда тағы да жер сілкінісі болды. Соңғы деректер бойынша, үш адам қаза тауып, 300-ге жуық адам жарақат алды. @sputnik_aitady #туркия #турция #землетресение #сирия #біргеміз #амандықтаболыңыздар❤❤😘😘😘😍😍😍❤❤💛💛💚💚💙💙 #tyrkey🇹🇷 #syria

♬ Sen Hercaisin – Ender Gündüzlü & Metin Arıgül

Бөлісу: