ТҮРКІСТАННЫҢ СӘУЛЕТІ МЕН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

Елбасы Парламентте өткен қос палатаның отырысында халықтың әл- ауқатын арттыратын «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жария етті. Жоғары білім алудың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әрбір отбасыүшінмаңызды–баспаналыболудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру, айлығы шайлығына жетпейтін төмен жалақы алатын жұмысшылардың еңбекақысын көтеру үшін салық жүктемесін азайту, шағын несие беру көлемін арттыру және елді газбен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ой – кешелі-бүгін емес, көптен ойында жүргенін айтқан Елбасы, бұл жан-жақты ойластырылған, зерделеніп, мұқият есептелген жоба екенін де жеткізді.

Әрине, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, елдің әлеуетін көтеруге арналған бұл бес бастама- әсіресе, халықтың әлсіз топтары үшін ең үлкен қолдау.

Дана халқымызда «Бір адам бейнеттеніп құдық қазса, мың адам мейірленіп су ішеді», – деген сөз бар. Тұңғыш Президентіміздің пәрменіме облыстың орталығы болған Түркістанның даму бағытына көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа ауқымды жобалар жолға қойылды. Бұл бағытта қаланың сәулеті мен құрылысы шығыстық үлгіде дамитын болады. Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жоспарының тұжырымдамасын бекітіп берген Елбасының ұлы арманы болған жаңа бастамаларына үлкен бетбұрыс жасалды.

Көне қаланың облыстың орталығы болғанынада бір жылға таяу уақыт болып қалды. Болашақты бағамдайтын қаншама жобалар мен жоспарлар талқы таразысына түсіп,бүгінде нақтыланған мақсатты жобаларды кезең кезіңмен жүзеге асыру қолға алынды. Белгіленген құрылыс алаңдарында жұмыс қызу жүруде.

Бөлісу: