«Тәуелсіздікке тағзым» жыр мүшәйрасы

6
Тәуелсіздікке тағзым

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар  одағы «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қорының қолдауымен «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялады.

 Мүшәйраның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу, тарих тағылымдарына тағзым ету, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру мен  құндылықтарын ұлықтау, қазіргі қазақ әдебиетінің әлеуетін көтеру және насихатын арттыру.

Мүшәйраның тәртібі мен шарттарына сай  мүшәйраға қатысатын ақындар   «Тәуелсіздік тұғырында тұрған Ел!» (ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына, Елдік пен халық бірлігіне арналған өлең (дастан) және еркін тақырыпқа жазылған екі өлең ұсынуы тиіс. Ұсынылған шығармалар бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы шарт.

Мүшәйра республикалық деңгейде өтеді. Ақындардың жасына шектеу жоқ. Мүшәйраға ұсынылатын шығармалар 2021 жылдың қазан айының 1-нен қараша айының 30-на дейін қабылданды.

Мүшәйраның шарттарына сай, көрсетілген электронды поштаға   81 ақынның шығармасы түсті.

Қазылар алқасының шешімімен  М.Мақатаев атындағы бір бас жүлде, Т.Айбергенов атындағы бірінші орынға бір жүлде, Қ. Мырза-Әлі мен Т.Молдағалиев атындағы екінші орынның екі жүлде және Ғ.Қайырбеков, Ж.Нәжімеденов, Ф.Оңғарсынова атындағы үшінші орынға үш жүлде тапсырылады.

Сонымен қатар, Қ.Шаңғытбаев, Т.Бердияров, С.Жиенбаев, Қ.Бұғыбаева, Ө.Нұрғалиев, Р.Ниязбек, Ж.Бөдешұлы, Ж.Жақыпбаев, Ж.Әбдіраш, К.Мырзабеков атындағы он сыйлықтың иегерлері анықталады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, №14 үй. Ұлттық кітапхананың акті залы. 13 желтоқсан, 2021 жылы. Сағат: 11-00.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Жазушылар одағы және «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қоры.

Бас демеуші: «Кентау Трансформатор зауыты»

Бөлісу: