Цифрлық құжаттарды қабылдау 12 қазаннан басталмақ, деп хабарлайды «Дәстүр» сайты.
Қазақстандықтар келесі аптадан бастап цифрлық құжаттарды пайдалана алады және оларды қажет болған жағдайда түпнұсқасының орнына ұсына алады.
Цифрлық даму министрі қол қойған бұйрық (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38976466#pos=18;-44) 12 қазаннан кейін күшіне енеді.
Өзіңіздің цифрлық құжаттарыңызды eGov mobile қосымшасынан таба аласыз. Бұл қосымшаны AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алсаңыз болады. Мысалы, жеке куәлігіңізді үйде ұмытып кеткен жағдайда, оның цифрлық нұсқасын қолыңыздағы телефоннан көрсете аласыз.
Қазір қосымшада жеке куәлік, неке, балалардың тууы және тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту туралы куәліктердің цифрлық нұсқалары бар. Жақында бұл тізімге дипломдарыңыз бен жүргізуші куәлігіңіз енгізілуі керек.