Шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы

машины в ряд

2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіледі, – деп хабарлайды Dasturkb.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚАНДАЙ АВТОКӨЛІКТЕР ЗАҢДАСТЫРУҒА ЖАТАДЫ?

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер

ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР

  • Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек; Криминалдық есепте болмауы керек;
  • Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
  • Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет. Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

  • еgov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
  • Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
  • ХҚКО-ның “Өз-өзіне қызмет көрсету секторы” арқылы.

АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР

Өтінім:

  • Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
  • Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.

  • Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;
  • Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
  • Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.

Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.

Бөлісу: