Шымкентте «Қырық мысал-қырық мақал» көшпелі әдеби тіл керуен шарасы өтті

3

Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Қырық мысал-қырық мақал» көшпелі әдеби тіл керуені мәдени шарасы өтті.

Рухани шараның негізгі идеясы қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде адам бойына ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Шымкент қалалық қуыршақ және жассөпірімдер театры ұйымдастырған іс-шараға қала тұрғындары мен балабақша, мектеп, колледж және ЖОО тәлімгерлері қатысты. 

Шырайлы Шымқалада тұңғыш рет өтіп отырған шарада ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі –  мақал-мәтел мен жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатында жаңылтпаш жарысы ұйымдастырылды.

Міндеті:

  1. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі екенін көрсету арқылы 5 – қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай қорытындылау;
  2. Этно-фольклорлық «Қазақ елі» музыкасымен «Тоныкөк пен Күлтегін» батырлар VI-VIII ғ. жырларын бүгінгі жас ұрпаққа насихаттау.
  3. Ескі мақал-мәтелдер-тарих қатпарында жатқан көненің көзі, халықтың көркем ойын айшықтайтын фольклор. Бүгінге дейін сол ескі мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың бір бөлігі қаз қалпында жетсе, енді бірі күңгірттеніп ұмыт қалғандай. Олай болса ескі қазақ мақал-мәтелдерін санамызда жаңғыртып, есімізге түсіру.
Бөлісу: