Қазақстанда 5 қазаннан карантин шаралары күшейтіледі

 Қазақстанда 5 қазаннан бастап КВИ-дің екінші толқынына дайындық шеңберінде карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Шет елдерде коронавирус инфекцияының тарауы бойынша жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескере отырып, инфекцияның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сонымен бірге, бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды, одан бөлек, Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынамыз», – деді сәрсенбідегі Үкімет отырысында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Екінші санатқа жататын мемлекеттерден келетін адамдарға келесі талаптарды міндеттеу керек: термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда келген адамдарды карантиндік стационарларда зертханалық тексеруден өткізу үшін екі тәулікке оқшаулау жоспарлануда.
«Осыған ұқсас талаптарды ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ – ҚазТАГ) елдерімен және Өзбекстан әуежайларындағы өткізу пункттерінде мемшекарадан өтетін азаматтар үшін де қолдануды ұсынуда. Осыған байланысты Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары мен облыс әкімдеріне мемлекеттік шекарадан өту орындарында карантиндік стационарлар құру және келетін адамдарды тестілеуден өткізуді қамтуды сұраймыз», – деді министр.
Сонымен қатар инфекцияның таралуының алдын алу және ауру санының күрт өсуіне дайындалу мақсатында, денсаулықминінің ақпарынша, бірқатар шаралар қабылданған.
«Аймақтар дәрі-дәрмектің 91 түрі бойынша құны 14 миллиард теңгелік қосымша заттарға өтініш жасады. Коронавирус бойынша дәрі-дәрмек қоры жиналды. Жоғарыда аталған соманың 11,4 млрд теңгелік дәрі-дәрмегі тиеліп, аймақтарға жеткізілді. Аймақтардың бәрінде қажетті дәрі-дәрмектер бойынша құны 13 млрд теңге болатын қосымша тұрақтандыру қорлары құрылды. Амбулаториялық деңгейде берілетін дәрі-дәрмектің тізімі ұзартылды», – деді ҚР ДМ басшысы.
Денсаулық сақтау министрінің айтуына қарағанда, коронавирусты үйден емдеу үшін 1 миллион адамға жыл соңына дейін тегін дәрі-дәрмек қарастырылған.

Бөлісу: