Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды

19

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам – 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды, деп хабарлайды dasturkb.kz. 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына жетті», – делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

Бөлісу: