Қазақстандық ауыр атлет 8 жылға спорттан шеттетілді

1
Bronze medallist Kazakhstan's Igor Son stands on the podium for the victory ceremony of the men's 61kg weightlifting competition during the Tokyo 2020 Olympic Games at the Tokyo International Forum in Tokyo on July 25, 2021. (Photo by Vincenzo PINTO / AFP) (Photo by VINCENZO PINTO/AFP via Getty Images)

Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон 8 жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды dasturkb.kz порталы Ұлттық антидопинг орталығының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Игорь Сон 8 жыл бойы спорттық жарыстарға қатыса алмайды. Нақтырақ айтсақ, 2030 жылдың наурыз айына дейін қатысуға рұқсаты жоқ. Ал шеттетілу уақыты 2022 жылдың наурыз айынан басталған. Спортшының допинг сынамасынан метастерон анықталған.

Қазақстандық атлет 2020 жылы Токиода 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлде еншілеген еді. Ал 2019 жылы әлем чемпионатында күміс алған.

Игорь краьерасында екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. Бұған дейін қазақстандық ауыр атлет 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін бірнеше айға жарыстардан шеттетілген. Ол кезде спортшы тыйым салынған препарат ағзасына биоқосымшалар арқылы түскенін дәлелдеп шыққан еді.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) ережесіне сәйкес, допинг қолданғаны жарыстардан шеттетілген спортшының Олимпиададағы нәтижесі де жойылады. Игорьды да сондай жағдай күтіп тұруы ықтимал.

Еске салсақ, Қазақстанның Ұлттық антидопинг орталығы Игорь Сонды ғана емес, бірқатар спортшыны жарыстардан шеттетті. Олардың қатарында ауыр атлеттерден бөлек таеквондо мен жеңіл атлетика өкілдері да бар.

Бөлісу: