Бұл туралы Түркияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи елшілікте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сондай-ақ Қазақстанда еріктілер тарапынан ұсынылған дәстүрлі қазақ киіз үйлердің 100-ге жуығы қазіргі кезде Кахраманмараш қаласында тігілді. Сол жерде киіз үй сонымен қатар Алматы қаласынан 100 шақты киіз үй жіберу ұйымдастырылып жатыр, — деп атап өтті елші.
Еске сала кетейік, Түркияда 6 ақпанда жойқын жер сілкінісі орын алды.
Жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілген.
Түркия парламенті орын алған табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданды. ТЖ режимі 8 ақпаннан бастап елдің он провинциясында 90 күнге енгізілді.