Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңашылдығы

12

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында:

«Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадрлар даярлау мен оларды қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың қызметкерлік сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті.

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру және ғылымды дамыту [3].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Заман талабына сай білім оқу орындарында білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.
Қазіргі заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға жоғары оқу орындарында білім берудің отандық және әлемдік тәжірибелерінде қалыптасып, өз қызметін оңды атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын жобасын жүзеге асыруда қолданылатын жаңа педагогикалық технология арқылы жету көзделеді. Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шетелдерде (АҚШ-та) дәстүрлі оқудың бір нұсқасы, бағыты ретінде пайда болды.

«Модуль» латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзінен шыққан.
Сонымен қатар, модуль дегеніміз ірі блок, бөлінген, яғни оқу материалдарын бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Айта кетерлік тағы бір тиімді жағы – оның бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлылығы. Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талаптарына сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтық қарым-қатынас негізінде құруға болады. Дүние жүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі қалыптасқан. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шарлар болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екені сөзсіз [1].

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға терең білім-тәрбие беру. Ал, оның негізі техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, оларды өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге жол ашады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгеруі тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қoғaм дaмығaн сaйын, бaрлық құрылым бiргe дaмиды.
Қазіргі таңда кәсіптік және технологиялық білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

• проблемалық оқыту;
• дамыта оқыту;
• деңгейлеп оқыту;
• дәстүрлі оқыту;
• модульдік оқыту
• сұрақ-жауап ойындары;
• цифрлық білім беру ресурстары.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

– балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
– оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
– баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
– баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
– баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
– әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс жүргізу.

Проблемалық оқыту – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен қатар нәтижелерге жету жолдарын, баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Дамыта оқыту – мектеп жасына дейінгі балада білім, білік дағдының қалыптасуын жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы тиіс[2]. Дамыта оқыту технологиясы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларға тәрбиешінің қарапайым ізденгіштік, зерттеушілік іс әрекетін қалыптастырады. Дәстүрлі оқытуда – балалардың таным қабілеттері мен жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды. Оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі, балалар сол тақырып бойынша білім, білік дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді. Цифрлық білім беруде электрондық оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми-әдістемелік зерттеулер қолданылады. Цифрлық білім берудің міндеттері:

– Оқытушының сабаққа дайындығына көмектесу.
– Оқытушының сабақ өткізу үрдісінде көмектесу.
– Оқушының үй тапсырмасын орындауда көмектесу.

Осындай нeгiзгi құрылымдардың бiрi рeтiндe бiлiм бeрy жүйeсiнiң тoлaссыз дaмy жәнe тoқтaусыз өзгeрiс үстiндe бoлатыны, үдeрiстiң бiр бeлгiсi eкeнi aнық. Әлемдiк сарапшылар бiлiм беру жүйесiн салыстыруға келетiн бiрнеше елдердi атап көрсеткен. Oлардың алғашқы бестiгiне АҚШ, Канада, Сингапур, Финляндия, Швеция тағы басқа бiрнеше елдер жатады. Oл елдер ең алдымен бiлiм саласына салынған инвестиция көлемiн, мамандар даярлау мәселесiн, oқулар арасындағы қoғамдастық тағыда басқа жиырма шақты критерийдi негiзге алған. Жаңа ғасыр көгiнде әлем кеңiстiгiндегi бiлiм беру саласы да жаңа арнаға бет бұрды. Бүгiнгi ақпараттар легi тасқындаған уақыттың талғамы бөлек, талабы өзгеше бoлғандықтан, заманға сай қoғамның бoлашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен жауапкершiлiктi мiндеттедi. Бұрынғы цензуралық бiлiм жүйесi, стандартты қайталауға арналған сабақ құрылымы ата-ананың да, баланың да талғамынан шықпады. Бұл жалғыз бiздiң елiмiздi ғана емес, барлық мемлекеттерді тoлғандырды. [4]

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін жаңа модульдік оқыту бағдарламасын жасау халықаралық талаптарға сай және жұмыс берушінің талаптарын ескереді. [5] Мұндай бағдарлама біріншіден, халықаралық еңбек нарығында Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі белсенді ойыншы болуын, екіншіден білім беру шарттарының сапасына ұсынылатын қатаң талаптар негізінде дайындау сапасын арттыруды көздейді.

Бұл модульдік оқыту бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін еңбек нарығының талдамасы мен қызметкерлік талдама негізінде жұмыс берушілермен тікелей және тығыз байланыста жасалған. Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білімнің мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модульдік оқыту – жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. Басқа салалар секілді, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне де тың технологияларды енгізуге үлкен мән берілуде.

Оқыту барысында жеке тұлғаны білікті маман етуге бағытталған оқыту тәсілдерін озық тәжірибемен сабақтастыру бүгінде күн тәртібіне қойылды. Өйткені, белгілі бір оқу орнын бітіріп шыққан кейбір түлектің алған білімі жұмыс берушінің талабымен сәйкес келе бермейді. Ақыры, сол маманға мұқтаж болып отырған жұмыс беруші жас маманды қайтадан даярлап, оқытуға мәжбүр. Бесаспап жұмысшы мамандар даярлау – бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан да кәсіптік білім беру саласында студенттерді кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуде өндірістік оқыту шеберлері-педагогтар болып саналады. Оқыту үрдісін жетілдіру, оқушылардың қазіргі кезеңдегі технологиялық үрдістерді меңгеруі үшін өндірістік оқытуда көптеген инновациялық әдәстерді тиімді қолдана отырып, мамандығын жақсы меңгерген, білімін әрі қарай жетілдіріп отыратын білікті де, білімді кәсіби мамандар даярлауға әбден болады деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым — даму тетігі / Елбасының ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2014.
2. Скакун В.А. Введение в прфессию мастера производственного обучения: Методическое пособие. -М.:Высш.шк., 2010г.
3. Назарбаев Н.Ә. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.
4. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015
5. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2011. «Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. №2 (26) 2013 ж;

Рүстем ТЕМІРҒАЛИЕВ,
химия пәнінің мұғалімі, Атырау энергетика және құрылыс колледжі, Атырау қаласы.

 

Бөлісу: