Алматы облысы Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қандастармен онлайн кездесу өтті, деп хабарлайды Дәстүр.
Облыс аумағына қоныстанған этникалық қазақтардың жұмысын үйлестіру және қандастарымыздың толғандырып жүрген өзекті мәселелерінің шешімін табу мақсатында «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-і онлайн кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің бас маманы Ә.Оралов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облыстық филиалының Әлеуметтік төлемдерді мониторингілеу басқармасының басшысы Ж.Абдиева және Істердің электрондық макеттерін бақылау және жеке тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Б. Даненова, облыстық Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының Азаматтық және имиграция бөлімінің басшысы Е.Райымбеков, Алматы облыстық «Қандастар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қ. Сансызбаев, «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Ж.Байкамитов және аудан және қала Ішкі саясат бөлім басшылары мен жалпы сан 65 қандас қатысты.
Кездесуде аталған Мемлекеттік мекеме бөлім басшылары осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстарына қысқаша тоқталып, қандастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қандастардың негізгі сұрақтары Ауыл шаруашылығы мәселесі және Азаматтық алуға байланысты қойылды.
Өз кезегінде, Алматы облыстық «Қандастар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қ.Сансызбаев қандастардың тарапынан туындайтын сұрақтарға заңдылық тұрғыда кеңес беретінін жеткізді.
Кездесуге қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, тиісті мамандардан тікелей кеңес алды.