Қаңтар қысты қақ бөледі

Қаңтар қысты қақ бөледі

01.01.2020 0 By admin

Күннің қаңтарылып байланып, одан әрі тұқырып қысқара алмайтын шағына сәйкес, ай «ҚАҢТАР» аталса керек. Түн қысқара, күн ұзара бастауына байланысты, «Қаңтарда күн қарға адым ұзайды» мәтелі туған.

Қаңтар қысты қақ бөледі.

Қаңтар – Күн сәуле шашқанмен, жылу бермей, қыстың күшіне енер шағы. «Қаңтардың қарлы бораны» аталатын амал айы.

Қаңтар – «Үркер үйден көрінсе, үш ай тоқсан қысың бар» дейтін тоғыз тоғыс айы.

Желтоқсан айының 27 жұлдызы мен ақпан айының 5 жұлдызы аралығындағы 40 күн – ең суық кезең Кіші шілде атанған.

Қаңтарда шортан қармақ қақпайды, алабұға ауға түспейді, табан балық торға ілікпейді.

Ж.Кейкін

Бөлісу: