Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі – Берік Уәли

56

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасы арқылы көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды «Дәстүр» сайты.

«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады», – деп жазды Берік Уәли.

Бөлісу: