Dasturkb.kz үздік қазақтілді сайт атанды

Dasturkb.kz үздік қазақтілді сайт атанды

29.11.2019 0 By admin

«Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының сыйлығына арналған үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқауды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырды.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, сонымен қатар қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ең үздік қазақтілді интернет сайт байқауы 2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оған кемінде бір жыл бойы тұ­рақ­ты жұмыс іс­тейтін, мем­лекеттік тілде ақ­па­рат та­рататын, тәуелсіз қо­ғам­дық сайт­­тар қа­тыс­­т­ы.

Кон­курс­тың мақ­­саты – интернет жүйесіндегі үз­дік қазақтілді ресурстарды анық­тау мен насихаттау және олардың саны мен сапасын арт­тыруға үлес қосу.

Биыл республиканың әр аймағынан 30-ға жуық үміткер үздік сайт атағы үшін бақ сынасты. Жеңімпаздар 9 номинация бойынша анықталды.

Қазақ елінің тарихын насихаттайтын үздік сайт

Марапаттау рәсімінің ашылуында Әлкей Марғұланұлы: «Осы байқауды ұйымдастыра отырып, біз мемлекеттік тілдің дамуын, оның ішінде интернеттегі дамуын қолдаймыз және қазақ тілді сайттардың қызметін ынталандырамыз. Байқауға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатқанына қуаныштымын», – деп атап өтті.

«Өткір тіл» аталымы бойынша qalamger.kz сайты жеңімпаз атанды.

«Рухани азық» аталымындағы ең үздік сайт марапатына madeniportal.kz сайты ие болды.

dasturkb.kz сайты «Терең ізденіс» аталымы бойынша үздік деп танылды.

Arasha.kz сайты «Шынайы өмір» аталымында үздік деп бағаланды.

«Спорт тынысы» аталымы бойынша ең үздік сайт – qsport.kz.

«Білім бұлағы» аталымы бойынша жүлде ozattar.kz сайтына берілді.

«Жастар әлемі» аталымы бойынша balbal-kz сайты жеңімпаз атанды.

«Балаларға базарлық» аталымындағы ең үздік балаларға арналған сайт марапаты imektep.kz порталына берілді.

«Ойын сауық» аталымы бойынша жүлде kinostan.kz сайтына берілді.

Үздік қазақтілді сайт жеңімпаздары ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының дипломымен, 385 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан электронды ақпараттық кеңістіктегі мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосып, аудиторияны қазақ тілінде ақпараттандыратын отандық сайттардың рөлін ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін өткізілген үш байқаудың қорытындысы бойынша республиканың 25 қазақтілді сайты жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлыққа ие болған.

Бөлісу: