Ұшықтау

23

Ұшықтау – аластап емдеудің бір түрі және оның бірнеше түрі бар. Кесеге су құйып, оның ішіне жеті түрлі дәм салып, балаға бүрку арқылы күн батпай тұрып ұшықтайды. Ұшықтай жүріп «көзі тигенінің көзі шықсын, тілі тигенінің тілі кесілсін» деп көз тиген адамға қарғыс сөздерін бағыштай айта жүреді. Әбден кеседегі су таусылғанша осылай бірнеше қайталап ұшықтап, баланы етегімен қағып-қағып жіберіп, кесені жерге төңкеріп тастайды. Сондай-ақ, есіктің тұтқасын, табалдырықты жуған сумен баланың екі алақанын және табанын жуады да, баланы жатқызып үстіне жеті түрлі жағалы киім жабады. Біраздан  соң бала терлеп, ауруынан айығып кетеді.

Самал  Молдашева

Бөлісу: