Әкімнің есебі көңілге қонды ма?

1
Фото ашық дереккөздерден алынды.

Әкім бол, халқыңа жақын бол! Елімізде бір өңірді ең ұзақ басқарып отырған Алматы облысының басшысы екен. Халқының амандығын тілеп, батасын алып жүрген Амандық Баталовтың Жетісу өңірін тізгіндеп отырғанына биыл 7-ші жыл. Осы уақытқа дейін көп ісімен көзге түскен әкімнің биыл атқарған жұмыстары қандай? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Әкім болып, халыққа жақын болу үшін, көп нәрсенің қажеті жоқ. Әуелі ауызға тамызар суың…

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Уровень охвата централизованным водоснабжением является одним из высоких в республике и составляет 98,3 процента»

Ай сайынғы жалақың…« К 2025 году сформирован портфель. который содержит 532 проекта на 5,4 трлн тенге с созданием выше 45 тысяч рабочих мест»
Кейін бас ауруың баспана болмаса болды.
«Строиться 521 жилой дом на 2603 квартиры. Из них 1212 сбудут предоставлены многодетным матерям»

Карантинге қарамастан өңірде биыл құрылыс жұмыстары 4, ал өндіріс саласы бірден 15 процентке артқан екен. Биыл тек төрт айдың өзінде аймаққа 127 млрд теңге инвестиция тартылыпты. Аймақ басшысы баса назар аударатын ендігі мәселе білім саласы.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Биылғы жылы 28 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның 19-ы үш ауысымды мектептің орнына салынып жатыр. биыл біз тағы 15 мектепті іске қосамыз. үш аусымды мектептерді жою үш аусымды мектептерді жою үшін».

Жетісу өңірін өзгедек ерек қылатыны ауаның тазалығы екені де жасырын емес. Бүгінде өңірдің 59 проценті газбен қамтылған екен. Одан бөлек, Амандық Баталов аймақтағы эпид ахуал да толығымен бақылауда дейді. Облысқа індетке қарсы екпенің 410 мың данасы жеткізіліпті. Бүгінде 122 мың тұрғын вакцинаның қос компонентін қабылдап үлгерген.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Жыл соңына дейін мемлекет қолдаунының арқасында өңір экономикасын көтеруге, және халықтың жағдайын жақсарту үшін бар күшімізді саламыз»

Қазір облыс әкімінің алдында тұрған тағы бір үлкен міндет бар. Бұл өңір орталығы Талдықорған қаласының 20 жылдық мерейтойы. Дегенмен, әкімнің ойында дүбірлетіп тойлату емес, халыққа қажетті игі істер атқаруды жалғастыру екен.

Бөлісу: