Абиба Абужақынова – Гран-при турнирінің жеңімпазы

Португалияның Алмада қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Гран-при додасында қазақтың қос қызы финалдық бәсеке де белдесті, деп хабарлайды Dasturkb.kz.

Финалда 48 келіде белдескен Абиба Абужақынова алтын алса, Ғалия Тынбаева күміс медаль еншіледі.

Аталмыш салмақта барлығы 19 дзюдошы бақ сынап, солардың арасынан Әбиба мен Ғалия қарсылас шыдатпады.

Айта кетейік, Гран-При 29 қаңтарға дейін Тежу өзенінің жағасында өтеді. Мұнда 83 елдің 600-ге тарта татами шебері рейтинг ұпайы үшін таласып жатыр.

Бөлісу: