Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында саясатпен айналыса жүріп, идеология естен шығармау керектігін айтты, деп хабарлайды dasturkb.kz.
«Біз экономиканы реттейміз, саясатпен айналысамыз деп жүріп, идеология мәселесін естен шығармауыз керек. Мемлекет іргесінің берік болуы, халықтың баянды өмір сүруі үшін ең алдымен дәл осы идеология саласын реттеуіміз қажет. 8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ олай болмады, жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастап, соңында гомосексуализмді насихаттады. Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр», – деп атап өтті депутат.
Мәжілісменнің пікірінше, ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын жоюды көздейді.
«Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады. ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тоз-тозын шығаруды көздейді деп білемін. Ал дәстүрі мен руханиятынан айырылған ұлттың болашағы жоқ екені айдан анық. Ұлт құрыса – мемлекет құлайды. Біз жастарымыздың тәрбиесіне селқос қарамай, қазірден қамдануымыз керек», – деді мәжілісмен.