Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды dasturkb.kz елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылдың наурыз айынан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр.

«2023 жылдың 17 қаңтарында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметінен.

Бөлісу: