«АТА ДӘСТҮР» ОРТАЛЫҒЫНЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА БОЛЫП ӨТТІ

108

Бұдан бір жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәні зор, мағынасы мол, көтерер жүгі ауыр, көлемді  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласы жарияланды. Мақаланың бағдарламалық мәні бар, себебі бұнда ел тарихының тереңіне үңілу,
ұлт болашағын бағдарлау, тіл дамуын жеделдету, жаһандану дәуірінде салт-дәстүрімізді сақтап, оны келешек ұрпақтарға аман-есен жеткізу сияқты көкейтесті мәселелер қамтылған. Бүгін Алматы құрылыс және халықтық
кәсіпшілік колледжінде, «Ата дәстүр» орталығы ашылып өз жұмысын бастады.

Алматы қаласының Бостандық аудандық әкімшілігі, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы, Алматы қаласының колледждер қауымдастығының ұйымдастыруымен, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы дала қазынасы» партиялық жобасы аясында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде «Ұлы дала әуендері» атты салтанатты іс-шара болып өтті. Ұйымдастырылып отырған іс-шара жас ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухында тәрбиелеуге, қазіргі қоғамда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтарға, патриоттық сезімге, елін сүюге, құрметтеуге бағытталған.

Салтанатты іс-шараны колледж директоры Жамангөзов Камал Әмірғалиұлы ашып, аталған орталықтың мақсатына жан-жақты тоқталып өтті.
Ол жастардың санасында халқымыздың салт-дәстүрлері туралы білімдерін
тереңдету, ұлттық құндылықтардың өзіндік үлгі өнегесін бойына сіңіру, ұлттық мәдениетке, халқымыздың тарихына қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға дайын азаматты қалыптастыру. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Адамгершілікке, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деп айтып өткеніндей, жас ұрпақтың сана сезімін жетілдіру, қазақ халқының, сондай-ақ, Отанымыздың барлық ұлт өкілдерінің мәдени және тарихи құндылықтарын сақтау және өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат Мұратханұлы, Алматы қаласы колледждері қауымдастығының төрағасы Азисханов Жантілеу Нұрқияұлы сөз сөйледі.
Сондай-ақ бұл салтанатты іс-шараға қаладағы колледж директорлары мен
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері қатысты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ұлт аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі Қаниева Сәуле Қапарқызының шәкірттері күмбірлетіп күй тартып, көрермендерге керемет көңіл-күй силап, шаттық пен нұрға бөледі.

«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Камал Әмірғалиұлы өз колледжінің қабырғасында рухани жаңғыруға арналған көптеген мәдени іс-шаралар өткізіп келеді. Соның бір-екеуіне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Өткен жылы Алматы колледждері тәлімгерлері арасында айтыс ұйымдастырылып өткізілді. Сондай-ақ  қаладағы колледж тәлімгерлері арасында, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі тақырыбына арналған жас ақындар мүшәйрасы өте қызықты өтіп жұрт көңілінен шықты. Құрылыс мамандарын дайындайтын техникалық бағыттағы колледждің  «әркімнің де өнерге бар таласы» дегендей өнер-білімге бүйрегі бұрып тұратыны құптарлық жайт.

«Ата дәстүр» орталығы еліміздің рухани жаңғыруына қосатын үлесі
жылдан-жылға көбейе түсетініне, жандана беретініне деген кәміл сенімді
көңілімізге түйіп, қызғылықты да тартымды мерекелік іс-шарадан жақсы пікір қалыптасып тарастық.

 

       Б. Әбдәліұлы,   

«Нұр Отан» партиясы Бостандық 

        аудандық филиалының кеңесшісі

 

Бөлісу: