Қазақстанда 18 бағыттағы күре жол ақылы болады

Қазақстанда 18 бағыттағы күре жол ақылы болады. Жарты ай бұрын осындай мәлімдеме жасалуы мұң екен, еліміздегі жүк көліктерің жүргізушілері бас көтерді. Өткен жексенбіден басталған наразылық шаралары әлі толастаған жоқ. Басты талаптар мынау: Ақылы жол болмасын, ақша төлеуге лайық жолдар бізде жоқ. Я болмаса басқа елдер қатарлы балама тегін жол болуы керек. Автобандардың өзі қыста тазаланбайды, апталап далада қаламыз. Одан қалды магистральдардағы қауіпсіздік мәселесі шешілмеген. Ірі мал жолға шығып кетіп, апаттар жиі болып жатады. «Еуразия» бірінші арнасының тілшілері елдегі ақылы жолдарды аралап, сапасын өз көздерімен көріп қайтты. Нәтижесі былай.

Сонымен Индустрия және инновациялық даму министрлігі және «ҚазАвтожолдықтар» ақылы жол қылуға болады деп мына бағыттарды жоспарлапты.

Шымкент Өзбекстан шекарасы;
Орал Ресей шекарасы (Саратов);
Орал Ресей шекарасы (Самара);
Ақтөбе Ресей шекарасы (Орынбор);
Щучинск — Петропавл;
Шымкент — Қызылорда;
Шымкент — Тараз;
Тараз — Кайнар;
Қапшагай — Талдықорған;
Қарабұтақ — Қызылорда;
Ақтөбе Орал;
Атырау — Бейнеу Өзбекстан шекарасы;
Ақтау — Бейнеу;
Қостанай Ресей шекарасы (Троицк);
Нұр-Сұлтан — Қостанай;
Павлодар — Ресей шекарасы (Омбы);
Нұр-Сұлтан — Павлодар;
Павлодар — Семей — Қалбатау.

Міне осы бағыттар. Жиыны 5800 шақырым. Еске салып өтсек бізде Нұр-Сұлтан Щучинск, Нұр-Сұлтан Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас магистральдары бұрыннан ақылы. Былтыр аталған жолдардан 5.7 млрд тг түсім түскен. Шамасы бұл аз болса керек, «Қаз АтоЖол» 2025 жылға дейін ақылы жолдар санын 32-ге жеткізуді жоспарлап отыр екен. Алайда бұл оңайға соқпайтын секілді. Мәселен жүргізушілер жаңағы тізімдегі 18 бағыттың ешқайсын ақылы болуға лайық деп санамайды.

Алты күн. Алты алаштың ауыр мәшине айдап, жүк таситын жүргізушілерінің жанайқайы бұл. Астана бастап берді, Алматы қостай кетті, Батыс шығыс, түстік пен теріскей тегіс үн қосты. Жүздеген қаңтарулы көлік, мыңдаған наразы адам.

АСҚАР ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: «Қазір 220 шақырымға 5200 шығып жатса, бұларда уже 300 шақырымға тарифтармен 7000 тг шығады. Ол өте қымбат».

«-Мына жерде жүрген жігіттер, бүкіл әлемді аралап жүрген жігіттер. Қай жерде қандай жол бар, қай жерде қалай төлейді?
Бірден 18 бағыттағы жол неге ақылы болмақ? Елдегі жолдарға жауапты ҚазАвтожол Ұлттық Компаниясы мәймөңкелемей турасын айтты».

АЙДАНА АЙДЫНҚЫЗЫ «QazAvtoJol» ҰК АҚ АҚЫЛЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Автожолды күтіп ұстауға мемлекеттен бюджеттен жеткілікті деңгейде қаражат бөлінбейді. Мәселен 2020 жылы жалпы республикалық маңызы бар 24,887 шақырым автожолға шамамен 46 млрд тг қаражат қажет болса, мемлекеттік бюджеттен тек оның 60 пайызы ғана бөлінген болатын. Сәйкесінше бұл автожолдар тиісті деңгейде күтіп ұсталынған жоқ. Оларға қаражат жеткіліксіз болғаннан кейін оларға қыс мезгілінде жолды тазалаудан да қиындықтар туындаған болатын».

Демек қаражаттың жетіспеушілігін ақылы жолдарды көбейту есебінен өтемек. Амалсыз шара. Жоспар былай екен.

БЕРІК КАМАЛИЕВ ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Оны ұстайтын содержаниесі үшін бізге ақша керек. Сондықтан осындай платный жолдар болады. Қазіргі уақытта біздің планда Нұрлы Жол бағдарламасы бойынша 5700 км ақылы жол болуы керек».

Бірінші және екінші категориялы жолдар ақылы болуы керек дейді. Категория деп отырғанымыз не? Мысалы Нұр-Сұлтан Бурабай. Бұл бірінші категория.
Бір бағытта 2 және одан көп жолақ. Жолдың қапталы металл қалқамен қоршалған. Қарама-қарсы бағыттардың ортасы міндетті түрде, металл қалқамен бөлінген. Қозғалыс жолағының ені стандартқа сәйкес 3.75 метр. Теміржол және трамвай жолдарымен қиылыспайды. Жапсарлар жолдармен түзу бағытта қиылысуға рұқсат етілмейді. Санитарлық зоналар, кемпингтер міндетті түрде болуы тиіс.

Екінші категория деп отырғанымыз мысалға алатын болсақ Павлодар Семей аралығындағы күре жол.
Қозғалыс жолағы 2. Жолдың қапталы ашық. Қозғалыс бағыттарының ортасын темір қалқамен бөлу талап етілмейді. Бірақ ортасы мен қапталдары бояумен өрнектелуі шарт. Қозғалыс жолағының ені 3.75 сантиметр. Санитарлық зоналар, кемпингтер міндетті түрде болуы тиіс.

Қазақстанда 18 бағыттағы күре жол ақылы болады

Астанада ереуілдеген жүргізушілер Индустрия және Даму вице-министрі Берік Камалиевпен кездесу қордаланған проблемаларын жеткізді. Тегін, балама жол болсын деп те талап етті.

«- Альтернативный жол болса болды. Жай жол болсын қасында. Мысалы ақшасы жоқ, қарапайым адам не істейді? Мен түнде келе жатып, мына пост Гаидан, 300 теңгем жетпеді. 300 теңгем жетпеді. Сонда мені кіргізген жоқ мына жерден. 400 теңге үшін таңғы 4-те қайнағаларымды оятып әкеліп төлетті мына жерде».
«- Сіз жеңіл машина ма грузовой ма? — Грузовой. Грузовой болсаңыз жұмыс істеп ақша тауып жүрсіз ғой. Неге 400 тг таба алмайсыз».
БЕРІК КАМАЛИЕВ ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Сіз айтып тұрған альтернативный жол деген заң бойынша Қазақстанда жоқ. Неге? Біздің территорияға болмайды. Оны ұстауға біздің мүмкіншілік жоқ. Қазіргі уақытта оны үкіметке салатын, альтернативный жолға жағдай жоқ. Ақша жоқ. Мына жерде платный жол, мына жерде альтернативный жол, үкімет ондай ақша таба алмайды».
ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: «Солярканың бағасы 200 тг. Күнде солярканың бағасы өсіп жатыр. Біз 1 апта бұрын 180 теңгеден құйып жүрген, 184 теңгеден құйып жүрген. Бүгін 200 теңгеден құйып жүрміз. Жолдың бәрі қисық, волна волна. Амортизатор кетеді. Одан кейін резинаның бағасы. Ең жаман қытайдың резинасының бағасы 137 мың теңге. Біздің 12 дөңгелегіміз бар».
Қауіпсіздік мәселесі де айтылды. Мәселен Батыс Қытай Батыс Еуропа автобанын үкімет бірінші категория деп біледі, жүргізушілер болса келіспейді. Олар қауіпті асулар ғана емес, жол сақшыларынан да мезі болыпты. Олардың да тарифы бар екен айтуларынша.
ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: «Содан кейін перевал бар. Ограждение жоқ. Айша Бибіден өткеннен кейін. Самый опасный участок. Мына жақтан идеальный жол жасап қойыпсыздар. Қыста анадан қашып былай шықсақ алдыңнан гаищник шығады. Әкесін көргендей қуанып давай деп. Шыны керек, ол күлкілі емес, бәріміздің қалтамызға салады. Сен встречныйға кетіп қалдың грузовойға, деп лищениемен қорқытады. Ауыздары 20-25-30 мыңнан түспейді».
ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: «Сіздерге рахмет мына автобан жолдар салынып жатыр. Павлодар Астана. Бұл жолдар жақсы жолдар. Төлеуге лайық. Қалған 18 участок, например Астана Қостанай, Семей Павлодар ашық жолдар. Ол жолдарға бүкіл халық болып қарсымыз».
ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: «Астана Қостанайды платный жасамақшы. Ол жерде ешқандай условие жоқ. Освещение жоқ, ограждение жоқ. На каком оснаваний ол платный болады?»
БЕРІК ДҮЙСЕНБАЙ: «Нұр-Сұлтан Қостанай бағытындағы күре жолда тұрмыз қазір. Астанадан Атбасарға дейінгі 250 шақырымдық участок ақылы санатқа жатқызылмақшы. Себебі құзырлы орындардың пайымдауларынша сапасы жағынан бұл жол 2-категорияға жатады. Расымен солай ма, оны қазір жүргізушілерден сұрап білейік».
САМАТ ТӨЛЕНДИЕВ: «Сіздіңше мысалы мына жолды екінші категория деп айта аласыз ба? — Мына жолдың сапасы өте төмен. Көріп келе жатқаныңыздай. Ешқандай несі жоқ, жаңағы условиясы жоқ. Жағдай жасалмаған, каждый волна. Бір волнадан шықсаң екінші волнаға түсесің. Мынау ақылы жолға сәйкес келмейді деп айта аламын мен.
Самат Қазақстанды шарлап болып, берісі Ресей, арысы Беларусь пен Шығыс Еуропаға дейін қатынап жүр екен. Айтуынша біздегі тариф қымбат. Алдын ала төлесең 25, уақытында төлесең 37—ге шығып кетеді дейді. Көп, себебі көрші елдермен салыстырудың өзі жеткілікті».
САМАТ ТӨЛЕНДИЕВ: « Мысалы мен мынау Масликовадан шығам, Москваға дейін барғаныма где-то 1300 рубль болады. Расстояние где-то бір мың жарым км болады ау. 1300 рубль, біздің теңгемен шаққанда әрі кетсе бір 7-8 мың тг болады. Егер біздің жол соған сәйкес келсе төлеуге дайынбыз ғой. Мынандай жолда білмеймін, ақша төлей алмаймын».

Үкіметтің мақсаты жыртықты жамау ғана емес, еліміздің транзиттік әлеуетін де пайдалану. Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, және Түркменстан. Аталған елдерден шығып біздің елді басып өтетін көліктер біздікілерден әлдеқайда көп. Транзиттен ақша түседі.
Осы орайда экономист Мақсат Халық қарапайым ұсыныс айтуда.

МАҚСАТ ХАЛЫҚ ЭКОНОМИСТ: «Қытайдан батысқа қарай, батыстан қаншама азаматтар қытайға қарай тауар тасымалдайды. Ол белгілі бір дәрежеде пайда алып келеді. Бірақ та ол өзіміздің жергілікті азаматтарға кері әсерін тигізбеуі керек. Өзіміздің азаматтарымызға жеңілдіктер қарастыру керек. Жолда жүрген кезде қазақстан азаматы болсаң, сенде жеңілдік болуы керек».

Ақылы жолдың жайы осы аптада Мәжілісте де көтерілді. «Ақ Жол» фракциясы «ҚазАвтожол» компаниясына шүйлігіп, ауыр ауыр айтып тастады.

АЗАТ СЕМБИНОВ: «Сонау 2013 жылы Ақжол фракциясы Қазавтожол команиясының құрылуына қарсы болды. Мемлекеттік функция арқылы салық төлеушілердің ақшасымен коммерация жасайтын кезекті бір құбыжық пайда болады деп ескертілді. Өкінішке қарай мемлекеттік органдар біздің уәжімізді елемеді. Ал қазір нәтижесін көріп отырмыз компания жемқорлық былықтарда жиі бой көрсетіп келеді».
Қазақстанда 18 бағыттағы күре жол ақылы болады

Депутат компания халықтың салығы есебінен құрылды, неге жұрт олардың тәбеті үшін жұмыс істеуі керек деп шағынды. Үкімет бизнестен тауар бағасын қымбаттатпауды сұрағанда сондай, монополист компаниялар бағаны өсірсе үнсіз қалатыны қызық деп таяқтың бір ұшын оларға да тигізіп өтті. Экономистердің айтуынша мысалы Қазақстан Темір жолы сияқты табиғи монополия субъектілері бар. Түсінікті. Темір жол біреу ақ.
Ал жол саласын монополияландыру қай сасқандары дейді Мақсат Халық.

МАҚСАТ ХАЛЫҚ ЭКОНОМИСТ: «Бұл жерде бір емес, бірнеше компания жұмыс жасаса болады. Балама жол ұсына алатын, инфраструтураны қалыптастыра алатын компаниялар болғаны дұрыс.
Әзірге ондай өзгерістер бола қоймас. Анығы мынау. Министрлік те, «ҚазАвтожолда» әуелгі ұстанымдарында қалмақ».
БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МИНИСТРІ АУДАРМА: «Бірінші кезеңде 2021 жылы 5,8 мың шақырым ақылы жол ашу жоспарлануда. Кешегі ақпарат сәл бұрмалаған. Тасымалдаушылармен қосымша жұмыс істейміз деп ойлаймын. Жөнделмеген жолдар ақылы болмайтынын баса айтқым келеді. Бірінші кезекте жөнделген, ешқандай ақауы жоқ жолдар ақылы болады. Яғни, 1 санаттағы жолдар ақылы болады. Одан кейін екінші санаттағы жолдарға көшеміз».

Ал көлікшілер қауымдастығы министрлікке жүргізушілердің бұйымтайларын жинап, жұмыс тобын құрып ақылдасып жатыр екен.
«- Ремонт болып жатқан, вообще алып тастаймыз деп предложение жасап атырмыз да. Енді рабочий группа бар, 100 процентый ответ бере алмаймын».
Тариф 5 пен 25 теңге аралығында талқыланып жатыр екен. Ал тасымалдаушылар бұл сома көп екеніне сенімді. Өзіміз шығын шексек те, тасымал құнын көтере алмаймыз дейді. Себеп бар.

ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: «Грузоперевозканың бағасын көтерейін десек халық шыңғырып жатыр. Үйткені продуктының бағасы көтеріліп кетті. Халық шыңғырып жатыр. Бәріміз де халықпыз ғой мысалы».

Халықты шырылдатпас үшін бір мәмлеге келу керек. Бірақ дәл қазір мәмленің аулы алыс, одан көрі мәселенің маздай беруі жақын сияқты.

Бөлісу: