«Мәртебелі поэзия мінбері» жобасының қонағы – Қасымхан Бегманов

Шымкент қаласындағы «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының Басқарма мүшесі Қасымхан Бегмановтың шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті.

Ақынмен кездесу кеші Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ашылған «Мәртебелі поэзия мінбері»  апталық бағдарламасы аясында өтті.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - бастапқы.jpg

Кешке ақынның қаламдас аға-інілері, әпке-қарындастары, Зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері,  студенттер мен оқушылар  қатысты.

Кеш жүргізушісі ақын, журналист Нармахан Бегалы  Қасымхан Бегмановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айта келіп, ақынның жалпы шығармашылығына тоқталды.

«Мәртебелі поэзия мінбері» жобасы шырайлы Шымкент шаһарында әр жұма сайын өтіп отырады.  Кешке  републикаға танымал ақындар, ТМД елдерінен белгілі ақындар арнайы шақыртылып, мінберде ой мен сезімнен туындаған парасатты жырлар оқылады. Шымкент қаласы көркем жырмен тербеледі. Жастар қазақ жырымен сусындап, мінберде  әсем жырлар оқылады. Оқырман мен қаламгер арасындағы рухани байланыс нығаяды. 

«Бүгінгі рухани шараның басты мақсаты – оқырманды қазаққа белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қасымхан Бегмановтың шығармашылығымен таныстыру, көркемдік әлемін таныту. Қасымхан Бегмановтың жырларының көркем ойларын оқырман алдында оқу.   Мінберде көркем ойдың сұлулығы айқындалып, ақынжанды қазақ өз болмысымен қауышып, жыр оқитын, жыр жаттайтын саналы ұрпақ қалыптасады»,-дейді ұйымдастырушылар.

Қасымхан Бегманов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жастар Одағы, халықаралық «Алаш»  және  тәуелсіз «Ильхам», Т.Айбергенов атындағы республикалық әдеби сыйлықтарының лауреаты. ҚР Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, ҚР Жазушылар Одағы поэзия кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Журналистер одағының, Халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының, Бас редакторлар клубының мүшесі Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына орай өткізілген республикалық жыр мүшайрасының бірінші орын иегері. Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы, көрнекті ақын, этнограф, мұстафатанушы.  Қасымхан ағамыз жоғарыда аталып өткен атақтарынан басқа, қазіргі таңда республикалық ұлттық-энографиялық «Дәстүр» журналын шығарып руханият саласында өте үлкен жұмыстар атқарып жүр. Одан басқа алаш қайраткері Мұстафа Шоқай жайында бірнеше кітаптар жазып, «Мұстафа  Шоқай жолымен» атты төрт бөлімді тарихи деректі фильм түсіріп, ол еліміздегі орта  мектептерде   тарих пәніне қосымша электрондық оқулық ретінде бағдарламаға енген.

Тұңғыш жыр жинағы «Бастау» 1980 жылы жарық көрген. Бірқатар өлеңдері «Тоғыз перне», «Жүрек толқындары» жинақтарына енген. «Қарашық», «Бесіктен бейітке дейін», «Сағыныш», «Ақ жаңбырлы әуен», «Күреңбел», «Менің Түркістаным», «Ол көктем оралмайды», «Халқы мықтының — салты мықты» кітаптары жарық көрген. Сондай-ақ, көптомдық шығармалар жинағының 1, 2 томдарының авторы. Өлеңдері орыс, өзбек, түрік, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған.

Шара барысында Қасымхан Бегмановтың өмір жолын таныстырып, жас ұрпаққа ақынның өлең жолдарын насхиттау.

Бөлісу: