«Бавария» UEFA суперкубогін жеңіп алды

177

«Бавария» футболшылары UEFA суперкубогінің иегері атанды, деп хабарлайды «Дәстүр» сайты Хабар 24 арнасының сайтына сілтеме жасап. 

Суперкубок матчінде Германияның «Бавариясы» мен Испанияның «Севилья» командалары кездесті. Ал биыл «Бавария» Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанса, «Севилья» «Севилья» Еуропа лигасында үздік болды.

Кездесуге оралар болсақ, испан футболшылары алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 13-минутында Лукас Окампос пенальтиден мүлт кетпеді. Ал 34-минутта «Бавария» футболшысы Леон Горецка таразы басын теңестіріп жіберді. Ойынның қалған бөлігінде есеп өзгерген жоқ. Қос команда 1:1 есебіне қанағат білдірді. Осылайша кездесу қосымша кезеңге ұласты. «Бавария» сапынан Хави Мартинес 104-минутта қарсылас команда қақпашысын қапы қалдырды. Сонымен ойында «неміс машинасы» 2:1 есебімен басым түсті.

Суперкубок 1972 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. «Бавария» 2013, «Севилья» 2006 жылы бір-бір реттен аталған кубок иегері атанған болатын. Әзірге оны иелену жөнінен Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командалары көш бастап тұр. Олардың еншісінде бес-бестен кубок бар.

Бөлісу: