Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатуда. Осыған орай еліміздің бас санитары қазақстандықтарға үндеу жасады. Себебі, шекаралас елдерде қалыптасқан жағдай көңіл көншітпей отыр. Бізде вирустық ахуал тұрақты болғанымен, қауіп сейілді деуге әлі ерте. Ерлан Қиясовтың сөзінше, отандастарымыз алыс-жақын шет елдерге барып демалуда. «Соның ішінде СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайы күрделі елдер де бар. Мұны ескеру қажет», деді бас санитар.

«Вакциналау деңгейі өте төмен елдерде вирус жұқтыру көрсеткіші күрт артты. Жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа науқас тіркелуде. 3,8 миллионнан аса адам қайтыс болды. Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр».

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қазақстандықтарға үндеуінен үзінді: «Алысқа бармай-ақ, көршілес Ресей мен Қырғызстанды мысалға алар болсақ, аталған елдерде індетке шалдыққандардың рекордтық өсімі тіркелуде. Осы орайда Қиясов шетелде демалуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарды өзі мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырып отыр. Ол үшін екпе салдырып, күрделі пандемиялық ахуалды алдын алу маңызды».
Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Бөлісу: