Қазіргі қымбатшылыққа әуел бастан әсер еткен факторлар бар. Соның ең бастысы бензин десек болады. Бензин қымбаттады дегенше бәрі қымбаттады дей бер. Сонымен қазір АИ-92нің бір литрі 169 бен 186 теңгенің арасында сатылып жатыр. Енді әлемдегі бағаға қысқаша тоқталсақ.

Әлемде бензиннің орташа бағасы біздің валютамен есептегенде 508 тг. Ең қымбат отын Гонконгте. бір литріне 1070 тг. Ең арзан бензин Венесуэлада — литріне 8.544 жарым теңге. Халықаралық кестеде Қазақстандағы бензиннің бағасын литріне 186 тг деп көрсетіпті. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде бензин бағасы өсуінің 3 негізгі себеп бар дейді экономист Рашид Жақсылықов. Біріншісі — Елдегі мұнай өңдейтін зауыттарға кезінде инвесторлар есебінен модернизация жасалды. Енді ақшаны қайтаратын кез келді. Доллармен. Екінші себеп сол ұлттық валютамыздың құнсыздануына байланысты мұнай саласы өз жұмысшыларына табысты индексациялауы тиіс. Ол да қосылған құнға кіреді. Үшінші фактор Еуразиялық экономикалық одақ. Алдағы 3 жылда одақтағы елдер үшін бірдей баға болуы керек.

РАШИД ЖАҚСЫЛЫҚОВ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ СЕРВИСТІК КОМПАНИЯЛАРЫ» ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Шикі мұнайды Ресей бір бағамен сатады. оны дүниежүзілік мұнай нарығы бекіткен. Бүгінгі таңда мұнай нарығында бір барельге 72 доллар болса, ішкі тұтынысқа да сыртқы сатылымға да 72 доллар бекітілген. Бізде екі баға бар. сыртқа сататын мұнайымызды дүниежүзілік нарық бекітеді ол 72 доллар. ішкі нарықты біздің энергетика министерствосы қадағалайды. Ол 25 доллардың төңірегі. сондықтан мұнай арзан болғаннан кейін өнген өнім шикізат арзан болғаннан кейін, біздің бензин арзан болып отыр. Арзандауы мүмкін, бірақ қана жағдайда. егер де біз ЕЭО тан бас тартсақ».

Қазіргі қымбатшылыққа әуел бастан әсер еткен факторлар бар. Соның ең бастысы бензин десек болады. Бензин қымбаттады дегенше бәрі қымбаттады дей бер. Сонымен қазір АИ-92нің бір литрі 169 бен 186 теңгенің арасында сатылып жатыр. Енді әлемдегі бағаға қысқаша тоқталсақ.
Әлемде бензиннің орташа бағасы біздің валютамен есептегенде 508 тг. Ең қымбат отын Гонконгте. бір литріне 1070 тг. Ең арзан бензин Венесуэлада — литріне 8.544 жарым теңге. Халықаралық кестеде Қазақстандағы бензиннің бағасын литріне 186 тг деп көрсетіпті.

Бөлісу: