Н |
Нұр-Сұлтан қаласындағы Radisson қонақүйіндеҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды қадағалайтын Қоғамдық кеңестің жиыны өтті.
Отырыстың күн тәртібінде біраз келелі мәселелер қаралды. Іс-шараға қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының XVIII съезінде жария еткен қазақстандықтарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы тапсырмаларының орындалуын және Тұңғыш Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» атты алғашқы әлеуметтік бастамасының жүзеге асу барысын кеңінен талқылады.
Алқалы жиынға Nur Otan партиясының хатшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, бірқатар министрліктердің, салалық ұйымдардың және үкіметтік емес сектордың өкілдері, сондай-ақ мәжіліс депутаттары, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Баспана» ипотекалық ұйымының басшылары мен өкілдері қатысты. Басқосуға Парламент Сенатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Бақытжан Жұмағұлов жетекшілік етті. Қоғамдық кеңес жиынын Бақытжан Жұмағұлов ашып, Nur Otan партиясының съезінде көтерілген бірқатар тапсырмалардың орындалуын қоғамдық бақылауға алуды ұсынды.
«Біздің отырысымыз еліміз үшін аса маңызды тарихи кезеңде өтіп жатқанын баршаларыңыз жақсы білесіздер. Елімізде биліктің ауысу үрдісі басталып, қазақстандық қоғам сайлау науқанына қадам басты. Бұл тек біздің жұмысымыз үшін ғана емес, тұтас еліміздің болашағы үшін айрықша маңызға ие. Тұңғыш Перзидент – Елбасы Н.Назарбаевтың барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси бағдарын ары қарай жалғастыру қоғамымыздың мүддесі мен қалауына сай қадам екені сөзсіз. Елбасы партияның ХVIII съезінде азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың алдымызда тұрған басты страте-гиялық міндеттерін анықтап, оны жүзеге асыру үшін бірқатар тапсырмалар берді», – деді Бақытжан Тұрсынұлы.
Сондай-ақ, ол «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған 1 мың пәтердің құрылысы да қоғамдық бақылауға алуды қажет ететінін айтты. Сенатор 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін арттыру, отбасыларға арналған атаулы көмек бойынша қоғам тарапынан көптеген сауалдар түсіп жатқанын жеткізді.
Жарыссөз мінберінде
Жетекшінің сөзінен соң, басқосудың жұмыс тәртібі бекітілді. Баяндамашылар жарыссөзге шықты. Күн тәртібі бойынша ақпаратты кеңес мүшелеріне Ұлттық экономика, сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері Ермек Алпысов пен Ержан Жылқыбаев, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице- министрі Қайырбек Өскенбаевтардың шығатыны хабарланды.
Алдымен ҚР Ұлттық экономика вице- министрі Ермек Алпысов сөз алды. Ол отырыс шеңберінде ҚР ҰЭМ-нің партия Көшбасшысының жаңа әлеуметтік бастамаларын іске асыру, оның ішінде тұрғындардың табысын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік саясаттағы жұмысы туралы баяндады.
Вице-министр ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап, ауыл, аудан мен облыста жұмыс істейтін 76 мың мемлекеттік қызметшінің еңбек ақысы орта есеппен 25%-ке көтерілетінін атап өтті. Көбіне бұл – жетекші және бас мамандар. Оның айтуынша, қатардағы мамандардың – мемлекеттік қызметшілердің табысы артып, жұмыс сапасы, тұтастай алғанда өңірлердегі мемлекеттік аппараттың тиімділігі күшейеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.
«Экономиканыңнегізгісалаларындағы және өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 29-ға дейінгі жас кәсіпкерлерге 3 млн. теңгеге дейін гранттар беріледі», – деді Ермек Амантайұлы.
Дәстүрге сай отырыс кезегі ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице- министріне берілді. Талқылау кезінде Ержан Жылқыбаев атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысына кеңінен тоқталды. Ол сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмектегі рәсімдердің жеңілдетілгенін жеткізді.
«2019 жылы аз қамтылған 832 мың азамат, оның ішінде 550 мың бала қамтылатын болды. Атаулы әлеуметтік көрсету үшін 2019 жылда 134 млрд теңге бөліну көзделген. Мүгедек баланың бала жасынан І топтағы мүгедектігі күтімі бойынша жәрдемақылар 31 183
теңгеден 41 578 теңгеге дейін артты. Биыл 1 маусымнан бастап азаматтық қызметшілердің жалақысы Елбасының тапсырмасына сәйкес 30 пайызға дейін артады. Бұл республика бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, ауылшаруашылық және басқа салаларда қызмет атқаратын 1 милионнан астам қызметшілерді қамтитын болады», – деді Е.Жұматұлы. Қоғамдық кеңестің баяндама төріне үшінші болып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Қайырбек Өскенбаев шықты. Вице-министр «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар мен аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берді.
Қайырбек Айтбайұлының айтуынша, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс алаңдарын құру үшін инженерлік желілер тарту қаржысын 100 млрд. теңгеге дейін арттыру қарастырылды және халықтың ипотекасын субсидиялау алынып тасталды.
Сонымен қатар, өңірлерде алғашқы тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана емес, екінші деңгейдегі банк салымшыларына да кредиттік тұрғын үйді сату қарастырылған.
«Былтыр12,5млн.шаршыметрбаспана пайдалануға берілді, бұл – 113 мың үй мен пәтер. Биыл пайдалануға берілетін баспананың жалпы көлемі 13 млн. шаршы метрге, яғни 118 мың баспанаға жетеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл үйлерді мамыр айынан пайдалануға бере бастаймыз», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице- министрі Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ жиын алдында журналистерге берген сұхбатында.
Вице-министрдің айтуынша, көпбалалы аналар баспана кезегіне өз алдына бөлек санат бойынша тұрады. Тиісті заң бүгінде Сенатта қаралып жатыр. Осы заң мақұлданса, баспанаға мұқтаж көпбалалы аналардың кезегі жылдамырақ жүретін болады.
Бұдан басқа, «Нұрлы
жер» бағдарламасына қатысушылар үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің
займдары бойынша бастапқы жарна 30%-тен
20%-ке дейін төмендетілді.
«Мемлекетбасшысыныңтапсырмасын іске асыру үшін өңірлермен бірлесіп жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарналарды тұрғын үй сертификаттары түрінде ішінара субсидиялау механизмі әзірленді. Тұрғын үй сертификаттарын беру әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде қарастырылады», – деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.
Жиында Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй құрылысы бойынша хабарлап, сол бағытта атқарылған жұмыстарға сараптама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үйлерді сатып алуға 50 млрд теңге бөлінген екен. Баспаналар тұрғындарға жалға берілетін болады.
Жарыссөзде «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков «7-20-25» бағдарламасы бойынша жұмыстың қарқынды түрде жүріп жатқанын айтып, бүгінде 11600 өтініш мақұлданып, оның сомасы 85 млрд теңгеден асқанын мәлімдеді.
«7-20-25» бағдарламасы жұмыс істей бастаған 2018 жылдың шілде айынан бастап бүгінге дейін 11 600 өтініш мақұлданып, оның соммасы 85 млрд теңгеден асты. Осы бағдарлама аясында пәтерлер берілу қарқыны бойынша Нұр- Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе облыстары жақсы нәтиже көрсетуде, – деді «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы.
Ал «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-ның төрайымы Ләззат Ибрагимованың сөзіне сенсек, қазіргі кезде «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкіне» жаңа бағдарлама бойынша өтінімдер көптеп түсуде. «Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мамыр айынан бастау алатын «2-10-19» бағдарламасын асыға күтіп отыр. Себебі осы бағдарламада несие бойынша өсім айтарлықтай төмен, яғни жылдық екі пайыз. Ал бастапқы жарна 10 пайызға дейін төмендетілді. 12 млн теңге тұратын пәтерді сатып алу үшін салымда 1 млн 200 мың теңге болуы жеткілікті», – деді ол.
Бұдан бөлек, бірқатар облыстардың, елорда мен Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері тұрғын үй сертификаттарын бөлуге ниетті. Бұл арнайы әлеуметтік көмек ретінде жасалмақ. Тұрғын үй сертификаты кезекте тұрған отбасыға беріледі және оның сомасы 1 млн теңгеге дейін болады. Бағдарлама талаптарына сәйкес, құжат тапсыру кезінде әрбір отбасы тұрып жатқан қаласындағы әкімдігіне барып, «Көпбалалы отбасы»,
«Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп жатқан отбасы», «Толық емес отбасы» санаттары бойынша кезеке жолдама алады.
Жиында кеңес мүшелері өздерін толғандырған, жұртшылықтың көкейінде жүрген бірқатар сауалдарды қойды. Атап айтсақ, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рахым Ошақбаев «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша ақпараттың тым аздығын алға тартып, аталған бағдарламаныңмақсатынбүге-шүгесіне дейін кең талқылауды ұсынды.
Дайындық кезеңіне қажет уақыттың болғанына және түсіндіру жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру қарқыны кейбір өңірлерде көңіл көншітпейтінін айтты, бірінші бағыт бойынша жұмысшы тобының үйлестірушісі, «Nur Otan» партиясының Хатшысы Қаныбек Жұмашев.
Барлық қажетті талаптарға жауап беретін тұрғын үйлердің жетіспеушілігі, Елбасының болашағы зор ауылдардағы тұрғын үй қоры құрылысы тапсырмаларының орындалмауы, тұрғын үй құрылысына арналған алаңдардың және ел өңірлерінде и н ж ен ер лік-к о ммун и к ац и ялық инфрақұрылымдардың болмауы, сондай-ақ, «Баспана Хит» бағдарламасының тиімсіз шарттары бағдарламаның аяғына тұсау болып отырған басты себептер екенін айта кеткен ләзім.
Қоғамдық кеңесті Бақытжан Жұмағұлов қорытындылап, бес әлеуметтік бастама әрбір бағытының орындалу барысын ұдайы бақылауда ұстап отыруды тапсырды.
Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастама–елдіңоданарғыдамуынасерпін беретін және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын едәуір арттыруға арналған жобалар.
Қысқаша айта кетер болсақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясына ҚХА және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп, Бес әлеуметтік бастаманы қоғамдық бақылауға алуды тапсырған болатын.
Дәстүр журналы