Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде сенсация жасады

19

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлем мен Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді, деп хабарлайды dasturkb.kz порталы inform.kz-ке сілтеме жасап.

Әзірге ойындағы есеп әлемнің жұлдызды командасының пайдасына шешілді, бірақ біздің Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңілгенін мойындауға мәжбүр етті. Бибісара ФИДЕ рейтингі ең жоғары әйел шахматшыны жеңді! Бұл нағыз сенсация! Бибісара 2021 жылы шахмат тарихындағы ең жас блиц чемпионы болды, соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды! Бүгінде Бибісара бізді керемет жаңалықпен қуантып жатыр, бұл шынымен де керемет жеңіс!, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при турнирінде екінші орын алған болатын.

Бөлісу: