Бүгін «Астана» футбол клубының жаңа атқарушы директоры таныстырылды. Бұл қызметке Давид Лория тағайындалды, деп хабарлайды «Дәстүр» сайты «Астана» ФК ресми сайтына сілтеме жасап.
Давид Григорьевич Лория – қалалық футбол мектебінің тәрбиеленушісі, Қазақстан құрамасы рекордшыларының бірі. Лория 2009 жылдан бері қазақстандық «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы» және «Локомотив» құрамында өнер көрсетіп, командамен күміс медальдарды жеңіп алды, сондай-ақ түрік «Ризеспор», «Қаршияка», швед «Халмстад» және ресейлік «Спартак Нальчик» командаларында да болды. Экс-қақпашының есебінде барлығы үш чемпиондық атақ бар.