Дәстүрлі қазақ қоғамындағы- ЕР АДАМ БЕЙНЕСІ

316

Ер адам – отбасы мен қоғамда алатын рөлі, бала тәрбиесіне тигізер үлесі, аталық тәрбие дәстүрлі қазақ қоғамындағы ең мағынасы. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы екіндігіне күмәніміз жоқ. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлімдер мен еңбектерді жазып шығу зор еңбек болып табылады. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың құндылықтар менрухани байлығымыздың жаңғыру ісіндегі атаулы мақаланың жарық көруіне себепкер болды.

«Әйел», «Ер адам» ұғымдары әрбір мәдениетте кездесетін концепт болғандықтан, әмбебаптық сипатқа ие деп көрсетеді. Дегенмен, бұл ұғымдардың қандайда бір қоғамға қатысты  нақты  өзгешеліктері  де бар екені белгілі. «Ер адам» термині барша халыққа ортақ термині болғанымен, әр халықтың болмысына, дүниетанымына, менталитетіне орай өзгеше айқындалып отырады.  Еркек  атаулыны   сипаттауда оның жас ерекшелігі, отбасындағы орны, әлеуметтік орны, туыстық байланысына қарай атаулары да әртүрлі лексемалармен беріледі.

Ер бала тәрбиесіне байланысты еңбектер жалпы отбасы неке-қатнас ұғымдарымен қатар жүрсе, көптеген еңбектерді аталды. Түркілік кезеңнен бастап, орта ғасырлық ғұламалардың, ұлы тұлғалардың, қазіргі ұлт мұрасына жаны ашитын зерттеушілердің деректері мен еңбектерін пайдалану арқылы қазақ отбасында тәрбие жүйелі түрде жүргізілген, себебі тән мен тазалық, еңбек пен өнер, ақыл-ой; адалдық пен адамгершілік сияқты мазмұнға ие болғанын көрсете білдік.
Соған байланысты, халық санасына сіңген мақал-мітелдерді, ұлттық ойындарды, тереңде жатқан ұлттық тәлімдердің астарлы мағыналары бой көтерген болатын. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесіндегі келеңсіз жағдайларды ескере  отырып, тарихи мұраларымызды біліп, дәстүріміздің құндылықтарын дұрыс түсініп, халық санасында ұлықтауы  мен  жаңғыруына үлес қосу қажеттілігі сипат алды. Болашақ ұрпақты   сеніммен   бағдар   бере   отырып,

«баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлттың тәрбиесімен тәрбиеле» деген ұлағатты сөзді негізге ала отырып, заман талабына  сәйкестендіріп,  өзге  ұлттың артық еліктеушіліктерінен сақтана отырып тәрбиелеуміз аса қажет болып отырғандығын алға тарттық.

Ер адамның дәстүрлі қазақ қоғамдағы алатын  орнын  қаншама  мақал-мәтелдерді де баршасын кең көлемде тізіп беруге ұмтылып, этномәденитіміз дәстүрлі мәдениетінен құралып, ер адамның алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, түздің адамы үйге табыс әкелуші ретінде де танылғандығы айқындалған. Сонымен қатар, ер адамның жас ерекшеліктеріне қарай қоғамда табиғи дарындарына қарай қалыпты қызметпен қатар әр түрлі қызметтер атқарған.

Оған қоса, көшпелі қоғамның тағдырында ерекше орын алатын батырлар институты қызмет атқарғандығымен қатар, ең бастысы үлкендерді сыйлау мен ата-баба аруығына табыну мен жеті атасын білу үрдісі міндет болып, әлі күнге дейін жалғасып келе жатқандығы сипат алады. Демек, қазақ қоғамының ерлері елдің қамын  ойлайтын ұл болса, оны тәрбиелейтін өнегелі әке, ел қорғаны батыр, саусақтарынан бал тамған өнер иесі, елдің қауыпсіздігі мен тыныштығын ойлайтын ақсақал, хандар, ел тағдырларын көркем сөздермен жырлаған би-шешендер, жыршылар болған деуге толық негіз бар деп қорынтылайтын болсақ, қазіргі кездегі ер адамдардың орны жайлы сөз болды. Дәстүрлі ер азамат көріністері қазіргі ер азаматтар бойынан табу оңай емес екендігі даусыз. Оған әсер етуші негізгі факторлар ретінде әлеуметтік-экономиккалық жағдайлар деп ескеруге болады. Себебі әйел адамдардың барлық қоғамдық жұмыстарға араласып, асып тасуы, ерлердің табысымен жарысуы, үйдегі жағдайларға, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, балаға тәрбиесіне әсер ететінін ескертіп, әкесіз өскен балалардың ерлер жайлы көзқарасы мен іс-әрекеттері ер адамдардың қоғамдағы беделінің төмендеп бара жатқандығына себеп болады.

Ер адамдардың беделін тарихи тұрғыда қарастырудың жалғасы ретінде аталық тәрбиенің маңыздылығы алға тартта отырып, ата салтың – асыл қазынаң деп ұрпақ тәрбиесіндегі аса құндылықты дәріптеуіміз қажет. Сол арқылы ата дәстүрі арқылы әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс екендігі белгілі. Аталық тәрбие негізінде, ұрпақ тәрбиелеуге қатысты салт-дәстүрін зерттей келе, оның жас отбасылар өміріндегі алатын орнының маңыздылығы ментәрбиелік мәніні зор деп кесіп айта аламыз. Бала туған күннен бастап ересек жасқа толғанға дейін атқарылатын қазақ халқының салт-дәстүрлері, тәлім- тәрбиелері, ырым-тыйымдары отбасылық дәстүрде толық қамтылады.

Мұндай маңызы бар жұмыстар болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін аса маңызды. Біз өз ұрпағымызды рухы биік, қадамы нақты, білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, ұлттық тәлімге, халықтық салт-дәстүрге, аталық тәртіпті алға қоя отырып, оның болашақ ұлтшыл бала тәрбиесіне ерекше мән беруіміз керек.Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт-дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек.Ата  тегін  ардақтау  дәстүрі,  көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада, жоғары оқу орындарында сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың салт-дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын.

Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік- эконмикалық     жағдайларына,мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің артықша талап-тілектерін өмірге әкелді. Мысалы, бұлар, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық             нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздерімен сипатталды. Осынау аталы сөздің мән-мағынасы мыналар еді. Көшпелі малшаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік пен қиыншылыққа төзе білу,ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қастерлеу, тапқырлықпен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау, жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың мәселін қайтармақ, көрші қақын жемеу, т.б. деген ұғымдармен ұштасып жатады деп қорытуға негіз бар.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: (қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек). – Алматы: қайнар, 1996. – 288 бет.
  2. Кисляков Н.А. Очерки по истории семьи и брака у народов Средней Азии и Казахстана. Л.: Наука, 1969. — 240 с.
  3. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов (этнографические очерки).— Алматы: Казахстан, 1998,— 184 с. 142 б.
  4. Apтықбaeв Ж. Кaзaхcкоe общecтво: тpaдиции и инновaции. – Acтaнa: Пapacaт Әлeмi, 2003. – 288 б.
  5. Шаймарданова Д.З. https://articlekz. com/article/11897

Дильфуза ЕСЕНБАЕВА, МКҚК «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарасты Мультимедиялық дәстсүрлі музыка орталығының ғылыми қызметкері


Бөлісу: