«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды dasturkb.kz.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Шығыста 18 сәуірде қар жауады, оңтүстік-шығыста 18-19 сәуірде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар).
Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонының енуінің әсерінен 18-20 сәуірде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде ауа температурасы 7-15 аязға дейін төмендейді, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнгі уақытта аяз сақталады, ал күндізгі температура біртіндеп жоғарылай бастайды.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыста – көктайғақ болып, жаяу бұрқасын болады.