Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттады

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3%-ға өскен, деп хабарлады dasturkb.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3%-ға артты.

Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, алғашқы нарықта жылдық мәнде:

Ақтөбе қаласында – 25,4%;

Ақтау қаласында 24,3% қымбаттады.

Қайталама нарықта баға өсімінің көшбасшылары:

Қызылорда қаласы (37,8%);

Ақтау қаласы (32,6%);

Семей қаласы (31,6%);

Қостанай қаласы (29,2%);

Өскемен қаласы (24,7%).

Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында:

Көкшетау қаласы (51,1%);

Петропавл қаласы (48%);

Алматы қаласы (45,4%);

Қостанай қаласы (45%).

Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2%-ға өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7%-ға төмендеді.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Бөлісу: