Еліміздің екі облысына коронавирус салдарынан қайтадан блок-бекет қойылды 

205

Нұр Төребек Қазақстанның ішкі істер министрі үкіметтің онлайн отырысында адамдардың жаппай коронавирус жұқтырмауы үшін ведомство не істейтінін айтып берді деп хабарлайды «Дәстүр»  KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.

Ерлан Тұрғымбаетың хабарлауынша, облыстардың бас санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес, Атырау және Ақтөбе облыстарына төрт блок-бекет пен екі санитарлық бекет қойылған.

Полиция 299 карантин нысанын қоршауға алды. Медициналық мекемелердің сұранысы бойынша, байланыстағы адамдардың орналасуын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Кейінірек, ведомствоның баспасөз қызметі бұл жұмыстардың коронавирус инфекциясына қарсы іс-шара аясында жасалғанын мәлімдеді.

Сонымен бірге, Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында полиция денсаулық сақтау органдары мен әкімдік қызметкерлерімен, сондай-ақ қызмет көрсету нысандарымен бірге 50 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізгенін хабарлады. Нәтижесінде карантин режимін бұзған 28 мың жағдай анықталған. Соның ішінде сауда орталықтары, дүкендер мен базарларда 4,6 мың ереже бұзушылық болған. Тағы 1,7 мыңы мейрамхана, кафе және басқа да қызмет көрсету нысандарына тиесілі.

Еске сала кетсек, еліміздің бас дәрігері Алексей Цой Қазақстанда қатаңдатылған карантиннің қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты.

 

фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бөлісу: