Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының кезекті XVІ құрылтайы өтті. Құрылтайда Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа Төрағасы және орынбасарлары сайланды, деп хабарлайды dasturkb.kz.
Жазушылар одағының жаңа басшысы қызметіне көпшілік шешімімен қаламгер, журналист Мереке Құлкенов тағайындалған болатын.
Кезекті құрылтайда басқарманың жаңа мүшелері сайланып, жабық дауыс беру нәтижесі белгілі болды. Одақ төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Нұржан Қуантайұлы тағайындалса, Бауыржан Жақып, Қасымхан Бегманов, Ғалым Қалибек, Бейбіт Сарыбай орынбасарлары болып сайланды.
ХVІ құрылтай Әнұранмен басталып, бес жылда қайтыс болған ақын-жазушыны бір сәт еске алу үнсіздігімен басталды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет сөз сөйлеп, өткен ширек ғасырдағы жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерге тоқталды.
Жаңа сайланған төрағаға алдағы бес жылдықта есеслі еңбек ететінін атап өтті.
Бүған дейін, Жазушылардың басты жиынына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып бергенін жариялаған болатынбыз.